Рудныйда жаппай улану: 14 студент ішек инфекциясымен ауруханаға жатқызылды
2022 жылғы 21 сәуір сағат 15.00-дегі жағдай бойынша жіті ішек инфекциясы белгілерімен медициналық көмекке 35 студент жүгінді, оның ішінде 14 адам "жедел гастроэнтерит" диагнозымен ауруханаға жатқызылды, қалғандарына амбулаториялық емдеу тағайындалды (науқастардың шағымы - жүрек айну, құсу, іштің ауыруы, сұйық нәжіс). Бүгінгі күні науқастардың жағдайы қалыпты, орташа ауырлықта", - деп хабарлады департаментте.
Зардап шегушілердің барлығы өз ауруын колледж асханасында тамақтанумен байланыстырады.
Рудный қаласының полиция басқармасымен қозғалған қылмыстық іс шеңберінде Қостанай облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті аумақтық басқармасымен бірлесіп "S_SALTA" ЖШС жеке тұлғасымен жалға алынған асханаға қатысты жоспардан тыс тексеруді бастады.
Тексеру барысында зертханалық зерттеулер үшін тамақ өнімдерінің, судың, шайындылардың сынамалары алынды, сондай-ақ ас блогының персоналы тексерілді. Зертханалық зерттеулер жүргізілуде.
Мамандар ошақта эпидемияға қарсы іс-шараларды іске асыруда.
Бұған дейін Рудныйда колледж студенттері жаппай уланғаны хабарланған болатын.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.