20.01.2022, 17:05 25816

Тәртіпсіздік кезінде банкоматтардан жарты миллиард теңге ұрланды

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі әзірге банктерге келтірілген шығындардың алдын ала болжамды сомасын жариялады.
Тәртіпсіздік кезінде банкоматтардан жарты миллиард теңге ұрланды
Сурет: facebook/Anastasia Romanova
АЛМАТЫ. 20 ҚАҢТАР - Тәртіпсіздік кезінде банктерге келтірілген шығынның алдын ала сомасы 4 миллиард теңгеден асады. Тәртіпсіздікке қатысушылар банкоматтардан жарты миллиард теңге ұрлап кеткен, деп хабарлайды Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі.
 
Микроқаржы ұйымдарына келтірілген шығын шамамен 653 миллион. 
 
Алматыдағы тәртіпсіздіктер кезінде тоналған банктер мен микроқаржы ұйымдары шығын көлемін әлі есептеп біткен жоқ. Өйткені кейбір банктер тергеуге байланысты бүлінген бөлімшелерге кіре алмай жүр.
 
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі әзірге банктерге келтірілген шығындардың алдын ала болжамды сомасын жариялады. 
 

Бүлікшілер мен тонаушылар ең көп шығынды Алматы банктеріне келтірген. Шығын мөлшері 1,6 миллиард теңгеге бағаланады. Сондай-ақ 871 миллион теңге тұратын техника жойылды. Банк кеңселері қирады, осы тармақ бойынша шығын құны 757 миллион теңге. Бұл сома әлі де өзгеруі мүмкін. Залалдың толық құнын тергеу аяқталғанда жариялаймыз", - деді ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің басқарма бастығы Дәурен Нысынбаев.

 
Агенттіктің мәліметінше шығынның көп бөлігі ұрланған және бүлінген банкоматтарға тиесілі. Жаппай тәртіпсіздіктер кезінде бұзақылар көше бойында және банк бөлімшесінің ішінде тұрған банкоматтарды сындырып жарты миллиард теңгені қолды қылған. 
 
Ел бойынша микроқаржы ұйымдарына келтірілген шығын шамамен 653 миллион теңгені құраған. Алматыдағы филиалдарына 384 миллион теңге, Алматы облысында 140 миллион теңгеге және Қостанай облысында 101 миллион теңгенің мүлкі қираған.

 
Ақпарат көзі: ktk.kz 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны