06.01.2023, 14:26 35866

Тонна опиаттар мен қару-жарақ: Қазақстанда ірі ҰҚТ-ның мүшелері ұсталды

Тонна опиаттар мен қару-жарақ: Қазақстанда ірі ҰҚТ-ның мүшелері ұсталды
Сурет: ҚР ҰҚК
Арнайы операция бірден Қазақстанның бірнеше қаласында өтті

Астана. 6 қаңтар. KAZAKHSTAN TODAY - Ұлттық қауіпсіздік комитеті еліміздің әртүрлі өңірлерінде ірі көлемде көкнәр шикізатын сату қылмысына қатысы бар есірткімен айналысатын топтың заңға қайшы іс-әрекетін жолын кесуге бағытталған арнайы операцияны іске асырды, деп хабарлайды ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі.
 

Жедел зерделеу жұмысының нәтижесінде Петропавл қаласында есірткі қылмысына қатысты топтың көмекшілері ұсталып, 5,5 тоннаға жуық аталған апиын түрі алынды", - деп хабарлады комитет.


ҚР ҰҚК
ҚР ҰҚК
 
Осы операцияның екінші кезеңі барысында Өскемен қаласында 1 тонна көкнәр шикізатын алу үстінде есірткі курьері ұсталды. Дәл осы уақытта, Қарағанды қаласында жалға алған қоймаларда 10 тоннадан аса есірткі шикізатын сақтап келген есірткі қылмысына қатысты топтың ұйымдастырушылары ұсталды.
 
Бұған қоса тінту шаралары барысында есірткі қылмысына қатысты топ қатысушыларынан жарақаттаушы және суық қару, сонымен қатар ірі көлемде ақшалай заттар табылып, алынды.

 

Алдын ала тергеу анықтағандай, аталған апиын тамақ өнімдері түрінде шетелден Қазақстан аумағына кіргізіліп, есірткіге тәуелді ортада саудаланған", - деп хабарлады ҰҚК.

 
ҚР ҰҚК

Жалпы қолға түскен есірткі көлемі 16 тоннадан асты. Одан әрі жедел-тергеу амалдары жүргізілуде.
 
Естеріңізге сала кетейік, 4 қаңтарда ҚР ҰҚК мен ІІМ Ресейлік Федералдық қауіпсіздік қызметі және ІІМ-мен бірге Байқоңыр қаласында құрамына Қазақстан және Ресей азаматтары кірген қоғамға қауіпті ұйымдасқан қылмыстық топтың жолын кесу бойынша бірлескен арнайы операцияны іске асырды.
 
Қылмыстық топтың адам ұрлауға, бопсалауға, қарумен қарақшылық шабуылдау және ұрлыққа қатыстылығы бары анықталды.
 

Қылмыстық элементтер ұзақ уақыт бойы Байқоңыр қаласы және Қызылорда облысындағы қылмыстық ахуалға кері әсер етіп келіп, ауыр және аса ауыр қылмыстарды жасауда қатыгездіктерімен ерекшеленген", - деп хабарлады ҰҚК.

 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны