21.10.2022, 20:40 74941
Қазақстанда әлеуметтік желілер жұмысында олқылық орын алды
Сурет: pexels.com
Достарға айту
Астана. 21 қазан. KAZAKHSTAN TODAY - Instagram, Facebook, Youtube және Telegram жұмысында олқылықтар бар.
Жұмыстағы ақаулар мен ресурстардың үзілуін қадағалайтын Downdetector қызметінің мәліметі бойынша, Қазақстанның барлық аумағында ақаулар байқалады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
29.01.2025, 14:29 6006
Қазақстанда ЖИ және атом өнеркәсібі саласындағы мамандар дайындалуда
Достарға айту
Бүгінде инженерлік бағыттар бойынша кадрларды даярлауды 54 жоғары оқу орны жүзеге асырады, білім алушылар контингенті 100 мыңнан асады. Техникалық бағыт тек инженерлік саламен шектелмей, қоршаған орта, физикалық және химиялық ғылымдар, геология, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, көлік қызметі және басқа салаларды да қамтиды. ҚР ҒЖБМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының орынбасары Гүлжан Жарасова ОКҚ брифингінде Қазақстанда инженерлік білім бірқатар сын-тегеуріндерге тап болып жатқанын атап өтті.
Мәселен, ЖОО-ның материалдық-техникалық базасының ескіруі, ЖОО-лар мен экономиканың нақты секторы арасындағы байланыстың жеткіліксіздігі, жастар арасында инженерлік мамандықтардың тартымдылығының төмендігі сынды проблемалар бар. Оларды шешу үшін қазірдің өзінде біршама бастамалар жүзеге асырылып жатыр.
Жаңа модель мектептерде инженерлік сыныптардың ашылуынан бастап ерте кәсіптік бағдарлауды, сондай-ақ техникалық жоғары оқу орындарының өндіріспен толық интеграциясын көздейді. Жоғары білім беруді дамыту тұжырымдамасында озық кадрлық қамтамасыз ету моделіне көшу көзделген. Бұл "Мамандығым-Болашағым" жобасы шеңберінде іске асырылуда. Жоба шеңберінде 17 өңірдің 20 жоғары оқу орны қатысуда. 9 өңірде 45 сала бойынша кәсіптердің Өңірлік атластары әзірленіп, 500-ден астам жаңа кәсіптер айқындалды", - деді спикер.
Нәтижесінде биыл жаңа кәсіптердің салалық атластары мен өңірлік карталар негізінде 91 ЖОО-да 902 жаңа білім беру бағдарламасы әзірленді. "Мамандығым-Болашағым" жобасы аясында Edunavigator.kz платформасында 100 мыңнан астам оқушы кәсіби тестілеуден өтті. Оның ішінде 12 мыңнан астам оқушы инженерлік бағытты болашақ мамандығы ретінде таңдауға ниетті екенін көрсетті. Бүгінгі таңда жоғары оқу орындарында 30-дан астам құзыреттілік орталығы құрылды, олар жұмыс берушілердің сауалнамаларынан бастап аймақтық карталар мен кәсіптер атласы негізінде кадрлар даярлаудың жаңа бағдарламаларын әзірлеуге дейін жұмыс істейді.
Мемлекет басшысының тапсырмасы шеңберінде 2024 жылғы 1 қыркүйектен бастап 8 ЖОО базасында ірі өндірістік бірлесіп, "Индустриялық РhD" бойынша дайындық басталды. Бүгінгі таңда 94 докторантбар. Докторанттар кәсіпорындардың нақты міндеттерін шешуге бағытталған зерттеулер жүргізеді және кәсіпорындар үшін рационализаторлық ұсыныстар әзірлейді. Бұл бағдарлама бойынша докторанттар санын біртіндеп ұлғайту қарастырылған", - деді ведомство өкілі.
Бүгінде еліміздің жоғары оқу орындарында 31 мыңнан астам шетелдік студенттер білім алып жүр. Жыл сайын мемлекет 200 шетелдік ғалымды шақыруға қаражат бөледі. Ғылым және жоғары білім министрлігі әлемнің барлық негізгі өңірлерінен серіктестерді тарта отырып, Қазақстанды Орталық Азияның білім беру хабына айналдыру бойынша елеулі жұмыс жүргізуде. Қазіргі уақытта 12 елдің жоғары оқу орындарымен 34 стратегиялық әріптестік орнатылды, оның ішінде АҚШ, Ұлыбритания, Италия, Қытай Халық Республикасы, Ресей Федерациясы, Франция, Оңтүстік Кореяның беделді 16 универсиетінің филиалы ашылды. Филиалдардың бағдарламалары мен мамандықтарының басым бөлігі техникалық бейіндегі кадрларды даярлауға бағытталған.
Жалпы, шетелдік серіктес универсиеттерді іріктеуде жекелеген салалардағы экономикалық қажеттілікке, сондай-ақ өңірлердің сұраныстары мен ұсыныстары ескерілді. Мысалы, Heriot Watt University жоғары оқу орнының филиалы Ақтөбе университетінің базасында "Электротехника және энергетика"; "Тау-кен ісі және пайдалы қазбаларды өндіру" бойынша кадрлар даярлау үшін құрылды. Тараз университетінің базасындағы РХТУ филиалы Химия және химиялық технологиялар саласында кадрлар даярлайды.
Бұл тәсіл түлектерге жергілікті кәсіпорындардың сұранысына ие болуға, сондай-ақ халықаралық деңгейде бәсекеге қабілетті болуына мүмкіндік береді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
29.01.2025, 11:51 6236
Қазақстандық бірінші сынып оқушылары қосымша қысқы демалыста 7 күн демалады
Достарға айту
Қазақстандық бірінші сынып оқушылары қосымша қысқы демалыста 7 күн демалады, деп хабарлайды Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметінен.
Еліміздің мектептерінде 2025 жылғы 9 қаңтардан бастап 10 оқу аптасынан тұратын III тоқсан басталды.
1-сыныпта білім алушыларға 2025 жылғы 10-16 ақпан аралығында (күнтізбелік 7 күн) қосымша демалыс беріледі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
17.01.2025, 11:53 21261
Қазақстанда ғылым саласын қаржыландыру 3,5 есеге артты - Ұлттық академия басшысы
Достарға айту
Мемлекет басшысы Ұлттық ғылым академиясының президенті Ақылбек Күрішбаевты қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Президентке Ұлттық ғылым академиясының былтырғы атқарған қызметінің негізгі нәтижелері жөнінде баяндалды.
Мемлекет басшысына 2024 жылы отандық ғылымның жағдайын бағамдап, саланы дамытудың басым бағыттарын айқындау мақсатында жүргізілген кешенді жұмыс жөнінде мәлімет берілді.
Ақылбек Күрішбаевтың айтуынша, былтыр бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру көзделген 113 ғылыми-техникалық тапсырмаға сараптама жүргізілген, сондай-ақ 3 интеграцияланған пәнаралық ғылыми-техникалық бағдарлама әзірленген.
Қасым-Жомарт Тоқаев отандық ғылымның әлеуетін арттыру үшін одан әрі жүйелі шаралар қабылдау қажет екеніне назар аударды. Таяуда Ұлттық ғылым академиясына Президент жанындағы жоғары ғылыми ұйым мәртебесін беретін Жарлыққа қол қойылды. Үкіметке аталған Жарлықты жүзеге асыруға қатысты құқықтық мәселелерді жеделдету туралы тапсырма берілді.
Сондай-ақ ғылымды қаржыландыру 3,5 есе ұлғайды, "Ғылым және технологиялық саясат туралы" жаңа заң қабылданды. Жас ғалымдарды әлеуметтік тұрғыдан қолдау күшейтілді. Президенттің тапсырмасымен оларға баспана беріліп жатыр.
Мемлекет басшысы Ұлттық ғылым академиясына бірқатар міндет жүктеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
14.01.2025, 13:25 27461
Астаналық оқушы ақылды қоқыс жәшігін ойлап тапты
Достарға айту
Астана қаласындағы 38 мектеп-лицейінің 7 "Д" сынып оқушысы Бақтығали Ерланұлы ақылды қоқыс жәшігін ойлап тапты, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Әр нәрсеге қызығушылық танытып, қоғамдық ортаның тазалығына мән беріп жүретін елордалық оқушы үйдегі қоқыс жәшіктерін автоматтандырған. Яғни, жәшіктердің қақпақтары адам қолын жақындатқанда өздігінен ашылып, 5 секундтан кейін қайтадан жабылады.
Мен қоқыс салғыштардың қақпақтарын қолмен ашу дұрыс емес деп ойлаймын. Себебі қақпақтағы көзге көрінбейтін микробтар адамның қолында қалып, ішкі ағзасына өтуі мүмкін. Осылайша қақпағы өздігінен ашылатын етіп жасадым",- дейді оқушы Бақтығали Ерланұлы.
Болашақта тілші болуды армандайтын оқушы ғылыми жаңалықтарды зерттеп, оны жариялауды қазірден үйреніп жүргенін айтады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
10.01.2025, 14:48 34176
Елордада мектепке дейінгі қызметтермен қамтуды арттыру үшін қосымша 2 200 жаңа ваучер бөлінді
Достарға айту
Ваучерлік қаржыландыру Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің бұйрығымен реттеледі, олар ваучерлерді балалар арасында тарату тәртібін қатаң түрде реттейді, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Жеке ваучерді алу принципі кезекте тұрған өтініш нөміріне де, өтінішке қоса берілетін құжаттарға да байланысты.
Ал 2025 жылдың 8-10 қаңтары аралығында мектепке дейінгі қызметтермен қамтуды арттыру үшін қосымша 2 200 жаңа ваучер бөлінді.
Осыған орай, мектепке дейінгі ұйымға жолдама алуды күткен ата-аналардан берілген ваучерге қызығушылықты жедел растау мүмкіндігін жіберіп алмау үшін ed24.kz мобильді қосымшасында келіп түскен хабарламаларды мұқият бақылауды сұраймыз.
Айта кетейік, талап етілмеген ваучерлер кезекте тұрған басқа тұлғаларға берілетінін және берілген ваучер бойынша жауап берілмеген өтініш одан әрі жойылуы мүмкін.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
06.01.2025, 12:12 41756
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Достарға айту
Қасым-Жомарт Тоқаев елордадағы бірқатар нысанды аралап көрді. Президент, ең алдымен, Kazakhstan International School Astana (KIS Astana) мектебіне барды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
20 мың шаршы метрден астам аумақта орналасқан білім беру мекемесі 800 оқушыға және мектеп жасына дейінгі 120 балаға есептелген. Мектеп халықаралық бакалавриат (IB) аккредитациясынан өткен. Бұл беделді бағдарлама үш бағытты қамтиды. Атап айтқанда, 5-тен 10 жасқа дейінгі балаларға арналған бастауыш (Primary Years Programme, PYP), 11-ден 16 жасқа дейінгі балаларға есептелген орта (Middle Years Programme, MYP) және 16-19 жас аралығындағы ересек оқушыларға бейімдеген дипломдық оқу бағдарламасы (Diploma Programme, IB) бар.
Оқу кабинеттері әрбір оқушының алаңсыз білім алуына және қарым-қабілетін ашуына қолайлы жағдай жасайтын заманауи технологиялармен жабдықталған. Сонымен қатар мектепте футбол стадионы, теннис корты, шағын футбол алаңы және бассейн секілді спорт инфрақұрылымы қарастырылған.
Мемлекет басшысы Қазақстанда білім беру деңгейін арттырудың маңызды екенін атап өтті. Әсіресе, жас буынның бәсекеге қабілетін шыңдауда әрі жан-жақты дамытуда осындай оқу орындары ерекше рөл атқаратынына назар аударды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
25.12.2024, 11:55 52496
Қайтарылған активтер есебінен Петропавлда балабақша салу үшін 2 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді
Достарға айту
Қайтарылған активтер есебінен Петропавлда балабақша салу үшін 2 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Президент тапсырмасын орындау аясында мемлекетке заңсыз жолмен алынған активтерді қайтару есебінен әлеуметтік маңызы бар жобаларды жүзеге асыру жалғасуда.
Үкімет Петропавлда 280 орындық балабақша салу үшін Арнаулы мемлекеттік қордан 2 млрд теңгеден астам қаражат бөлу туралы шешім қабылдады. Нысан қазіргі таңда белсенді салынып жатқан "Жас Өркен" шағын ауданында орналасады. Қазір онда бала саны 100% толы мектепке дейінгі 3 мекеме жұмыс істейді.
Балабақша құрылысы мектепке дейінгі ұйымдардағы орын тапшылығын азайтып, балаларға сапалы білім берудің қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта Петропавлда мектепке дейінгі ұйымдарға орналасуға шамамен 3 мың бала кезекте тұр, олардың жартысы - 2 жастан 6 жасқа дейінгі балалар.
Бұған дейін Үкімет Атырау облысындағы Жамансор және Ұлытау өңіріндегі Манадыр ауылдарында мектептер, Астанада тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арналған оңалту орталығы, Ақтөбе қаласында ерекше балаларға арналған арнайы балабақша, Ақмола облысының Зеренді ауылында спорт кешені және Риддер қаласында көпсалалы аурухана кешені құрылысын аяқтауға арналған жобаларды іске асыру үшін қаражат бөлу туралы шешім қабылдаған болатын.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
23.12.2024, 16:37 56581
Мұғалімдер шырша безендіруге заңсыз тартылған: Семейдің білім бөлімінің басшысы жұмыстан босатылды
Достарға айту
Семей қаласындағы жағдай: мұғалімдердің заңсыз жұмысқа тартылуы тексерілді, деп хабарлайды Абай облысының білім басқармасының баспасөз қызметінен.
Сенбі күні сағат 15:00-де облыс әкімінің төрағалығымен Семей қаласындағы болған жағдайға байланысты жедел жұмыс кеңесі өтті. Кеңес барысында Білім басқармасына қызметтік тексеріс жүргізу, ал Денсаулық сақтау басқармасына зардап шеккен мұғалімді тәулік бойы бақылауға алу тапсырылды.
Қызметтік тексеріс нәтижесінде Семей қаласындағы үш мектептің мұғалімдері жаңажылдық шыршаны безендіру жұмысына заңсыз тартылғаны анықталды. Олардың арасында №49 мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Қуат Айтқалиев жарақат алған.
Бұл жағдай Қазақстан Республикасының "Педагог мәртебесі туралы" заңына қайшы келеді, себебі педагогтерді өздерінің тікелей міндеттерінен тыс жұмыстарға тартуға тыйым салынған.
Қазіргі уақытта зардап шеккен мұғалімге барлық қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Бұл мәселе облыс басшылығының ерекше бақылауында.
Қызметтік тексеріс нәтижелері бойынша Семей қаласындағы үш мектептің директорына қатаң тәртіптік шара қолданылды. Қалалық білім бөлімі басшысы қызметінен босатылды.
Болашақта осындай жағдайларға жол бермеу мақсатында білім беру ұйымдарына заң талаптарын қатаң сақтау туралы тапсырма беріліп, бақылау күшейтіледі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
31.01.2025, 11:21"Ұлттық қор-балаларға": жас қазақстандықтардың шоттарында қанша қаражат бар 31.01.2025, 11:27 9216Жұмыссыз қазақстандықтар кәсіптік біліктілікті тануға өтінім бере алады31.01.2025, 11:41 8031"Игі істі бөліс" республикалық флешмобы басталды31.01.2025, 12:42 7251Құрылысы 5 жыл бұрын тоқтап қалған Қызылорда су торабын жаңғырту жобасы аяқталды31.01.2025, 11:30 3811Қазақстанда 78 лауазымды тұлға тексерістен кейін жауапкершілікке тартылды
24.01.2025, 16:38 131776Қазақстанда генерациялау объектілерін, жылу және электрмен жабдықтау желілерін кешенді жаңғырту жоспарлануда24.01.2025, 16:24 129046Бектенов сыртқы факторлардың ел экономикасына әсері мәселелері бойынша жұмыс кеңесін өткізді24.01.2025, 16:20 128736Астанада жеке кәсібін ашқан ерекше баласы бар аналарға арналған форум өтті24.01.2025, 15:14 117786Қазпошта алғаш рет әлемнің ТОП-50 пошта операторларынң қатарына кірді24.01.2025, 15:11 1082961 тамыздан бастап Қазақстанда ұлттық ауыл шаруашылығы санағы басталады
24.01.2025, 16:38 131776Қазақстанда генерациялау объектілерін, жылу және электрмен жабдықтау желілерін кешенді жаңғырту жоспарлануда24.01.2025, 16:24 129046Бектенов сыртқы факторлардың ел экономикасына әсері мәселелері бойынша жұмыс кеңесін өткізді24.01.2025, 16:20 128736Астанада жеке кәсібін ашқан ерекше баласы бар аналарға арналған форум өтті23.01.2025, 19:50 126016Алматыда заңсыз салынған сауда нысандары жаппай бұзылуда09.01.2025, 17:13 1215012024 жылы Отбасының цифрлық картасы арқылы 263 мыңнан астам адамға мемлекеттік қызмет көрсетілді