16.01.2023, 20:31 125516
Қазақстанда телерадио хабарларын тарату 18 қаңтарда уақытша тоқтатылады
Сурет: depositphotos.com
Достарға айту
Жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің техникалық құралдарындағы сервистер жабылып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізіледі
Астана. 16 қаңтар. KAZAKHSTAN TODAY - 2023 жылдың 18 қаңтар айында сағат 03:00 мен 17:00 аралығында жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің техникалық құралдарындағы сервистер жабылып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізіледі, деп хабарлайды "Қазтелерадио" АҚ.
Осыған байланысты, яғни жұмыстар жүргізілген кезде Қазақстанның барлық аумағында телерадиоарналарды ретрансляциялау уақытша тоқтатылады.
Естеріңізге сала кетейік, "Қазтелерадио" АҚ тоқсан сайын жерсеріктік және эфирлік желілердің техникалық құралдарында сервистерді жаба отырып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
25.12.2024, 11:55 3936
Қайтарылған активтер есебінен Петропавлда балабақша салу үшін 2 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді
Достарға айту
Қайтарылған активтер есебінен Петропавлда балабақша салу үшін 2 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Президент тапсырмасын орындау аясында мемлекетке заңсыз жолмен алынған активтерді қайтару есебінен әлеуметтік маңызы бар жобаларды жүзеге асыру жалғасуда.
Үкімет Петропавлда 280 орындық балабақша салу үшін Арнаулы мемлекеттік қордан 2 млрд теңгеден астам қаражат бөлу туралы шешім қабылдады. Нысан қазіргі таңда белсенді салынып жатқан "Жас Өркен" шағын ауданында орналасады. Қазір онда бала саны 100% толы мектепке дейінгі 3 мекеме жұмыс істейді.
Балабақша құрылысы мектепке дейінгі ұйымдардағы орын тапшылығын азайтып, балаларға сапалы білім берудің қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта Петропавлда мектепке дейінгі ұйымдарға орналасуға шамамен 3 мың бала кезекте тұр, олардың жартысы - 2 жастан 6 жасқа дейінгі балалар.
Бұған дейін Үкімет Атырау облысындағы Жамансор және Ұлытау өңіріндегі Манадыр ауылдарында мектептер, Астанада тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арналған оңалту орталығы, Ақтөбе қаласында ерекше балаларға арналған арнайы балабақша, Ақмола облысының Зеренді ауылында спорт кешені және Риддер қаласында көпсалалы аурухана кешені құрылысын аяқтауға арналған жобаларды іске асыру үшін қаражат бөлу туралы шешім қабылдаған болатын.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
23.12.2024, 16:37 8021
Мұғалімдер шырша безендіруге заңсыз тартылған: Семейдің білім бөлімінің басшысы жұмыстан босатылды
Достарға айту
Семей қаласындағы жағдай: мұғалімдердің заңсыз жұмысқа тартылуы тексерілді, деп хабарлайды Абай облысының білім басқармасының баспасөз қызметінен.
Сенбі күні сағат 15:00-де облыс әкімінің төрағалығымен Семей қаласындағы болған жағдайға байланысты жедел жұмыс кеңесі өтті. Кеңес барысында Білім басқармасына қызметтік тексеріс жүргізу, ал Денсаулық сақтау басқармасына зардап шеккен мұғалімді тәулік бойы бақылауға алу тапсырылды.
Қызметтік тексеріс нәтижесінде Семей қаласындағы үш мектептің мұғалімдері жаңажылдық шыршаны безендіру жұмысына заңсыз тартылғаны анықталды. Олардың арасында №49 мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Қуат Айтқалиев жарақат алған.
Бұл жағдай Қазақстан Республикасының "Педагог мәртебесі туралы" заңына қайшы келеді, себебі педагогтерді өздерінің тікелей міндеттерінен тыс жұмыстарға тартуға тыйым салынған.
Қазіргі уақытта зардап шеккен мұғалімге барлық қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Бұл мәселе облыс басшылығының ерекше бақылауында.
Қызметтік тексеріс нәтижелері бойынша Семей қаласындағы үш мектептің директорына қатаң тәртіптік шара қолданылды. Қалалық білім бөлімі басшысы қызметінен босатылды.
Болашақта осындай жағдайларға жол бермеу мақсатында білім беру ұйымдарына заң талаптарын қатаң сақтау туралы тапсырма беріліп, бақылау күшейтіледі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
20.12.2024, 20:03 12941
Биылғы оқу жылының басынан "Жайлы мектеп" жобасы аясында 100 мыңнан астам оқушы орны қолданысқа берілді
Достарға айту
Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы аясында Алматы облысының Қаскелең қаласы мен Кемертоған ауылында әрқайсысы 1500 орындық жаңа форматтағы екі мектеп, ал Түркістан облысында 2000 оқушыға арналған 1 жайлы мектеп ашылды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметінен.
Жобаның негізгі бағыты - функционалды және қауіпсіз білім беру ортасын құру болып табылады. Бұл мектептерде:
- бастауыш және жоғары сынып оқушылары үшін бөлек блоктар қарастырылған;
- заманауи техникалық шешімдерді енгізу арқылы қауіпсіздік шаралары күшейтілген;
- ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін кедергісіз орта қалыптастырылған;
- заманауи пәндік кабинеттермен, зертханалармен жабдықталған.
Айта кетейік, "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы аясында Алматы облысында 17 мың оқушы орнына арналған 7 мектеп салынды. Оқу жылының басынан бері елімізде 100 мыңнан астам орындық 41 жайлы мектеп пайдалануға берілді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
13.12.2024, 19:04 24791
Тамара Дүйсенова Қызылорда облысындағы білім және спорт саласы қызметкерлерімен кездесті
Достарға айту
Қызылорда облысына жұмыс сапары аясына ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова өңірдің білім және спорт салаларының мамандарымен кездесті. Онда аталған бағыттар бойынша аймақты дамытудың өзекті мәселелері мен келешегі талқыланды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Вице-премьер балабақша меңгерушілерімен мектепке дейінгі білім беру мәселелері жөнінде кездесу өткізді. Талқылаудың негізгі тақырыбы жүйедегі өзгерістер мен ваучерлік қаржыландыру тетігін енгізу мәселелері болды. Аталған механизм Қызылордада келер жылдың мамыр айында іске қосылады деп жоспарланып отыр. Аймақта бүгінде 49 880 балаға қызмет көрсететін 677 балабақша жұмыс істеп тұр.
Қаржы орталығы" АҚ басшысы Асқар Ибраимовтің мәлімдеуінше, ваучерлік қаржыландыру жүйесі Таразда сынақтан сәтті өтіп, Шымкент, Түркістан және Орал қалаларында пилоттық жоба ретінде жүзеге асырылып жатыр. Таразда аталған ваучерлер 1,5 жастағы балаларға берілсе, ал Шыментте балабақша кезегі толығымен жаңарған. Келесі жылы бұл жүйе еліміздің барлық өңірінде енгізілмек.
Вице-премьер балабақша мен бастауыш сыныптардағы білім беру бағдарламаларын біріздендірудің маңыздылығын атап өтіп, бұл үдерісте балалардың жеке даму карталары рөлінің ерекше екенінбаса айтты. Аталған жаңашылдықтар "Баршаға қолжетімді сапалы білім" ұлттық баяндамасында қамтылған.
Сонымен қатар білім беру басқармасы басшылары мен мектеп директорларының қатысуымен "Мақсатты мектептер" жобасын жүзеге асыру мәселесі бойынша кездесу өтті. Аталған жоба алғашқы кезеңде 71 білім ошағын қамтиды, оның 63-і ауылда орналасқан. Жоба аясында әдістемелік қолдау, педагогтердің біліктілігін арттыру және оқу үдерісін жақсарту көзделген. Қазіргі уақытта әр мектеп үшін жеке даму жоспары әзірленген.
Тірек мектептер әлеуетін дамыту жобасы да өңірде іске асып келеді. Мәселен, Арал ауданындағы №62 мектеп-лицей "Қазақстан халқына" қоғамдық қоры, Білім беруді тұрақты дамыту қоры мен Назарбаев зияткерлік мектептерінің көмегімен 250 млн теңгеге пәндік кабинеттерді жабдықтап, ұстаздары әдістемелік көмек алған. Білім ошағының директоры Жасұлан Айтжановтың сөзінше, қазірде 7 шағын жинақты мектептермен байланыс орнатылып, ұстаздар арасында тәжірибе алмасу процесі жолға қойылған. Айта кетейік, бүгінде аймақта 12 шағын жинақты білім ошағы бар.
Сондай-ақ вице-премьер техникалық және кәсіби білім беру ұйымдарының басшыларымен кездесу өткізді. Онда Президенттің Жұмысшы мамандықтары жылы туралы жариялағанын ескере отырып, ТжКБ жүйесін реформалауға қатысты мәселелер талқыланды. Тамара Дүйсенова колледждер өңір үшін кадр даярлаудың негізгі базасы болуға тиіс екеніне тоқталды.
Қазіргі таңда облыста 28 колледж бар, оларда 20 мыңнан астам студент білім алуда. Халықаралық оқыту стандандарттарын енгізіп жатқандары да бар. Мәселен, Қызылорда аграрлық-техникалық жоғары колледжі "энергетика" бағытында халықаралық National Center for Construction Education & Research (NCCER) аккредиттеуден өтпек.
Халықаралық стандарт енгізу колледжіміз үшін жаңа мүмкіндіктерді ашып отыр. Түлек қолындағы бұл сертификат әлемнің 70 елінде мойындалған. Демек оқу бітірген студенттің жұмысқа орналасуы жеңілдейді. Жалпы елдегі колледждер трансформациясы аясындағы жұмыстар техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің қолдауына ие болып отыр", - дейді колледж директоры Абайбек Жүнісов.
Вице-премьер Мемлекет басшысы елдегі білім сапасын арттыруға қатысты нақты міндеттер қойғанын, оны жүзеге асыру бағытында бірқатар іс-шара атқарылып жатқанын баса айтты.
Балабақша табалдырығын аттаған бүлдіршін 20 жыл бойы білім беру жүйесінде тәрбиеленеді. Біздің мақсат азаматтар үшін тұлғалық қасиеттерді дамытатын көпдеңгейлі, бірізді жүйе құру. Бұл ретте балабақша, мектеп, колледж, университет ұстаздарына артылар жауапкершілік жоғары", - деп атап өтті Тамара Дүйсенова.
Вице-премьер Қызылордадағы жаңа үстел теннисі орталығында болып, өңірдегі спорт ұйымдарының басшыларымен кездесті. Кездесуде спорт саласындағы реформаларға, оның ішінде басқарудың вертикаль мәселелері, басым спорт түрлерін анықтау және өңірдің балалар мен жасөспірімдер спорт мектептеріне жан басына шаққандағы қаржыландыруды енгізуге басты назар аударылды. Енгізілгелі жатқан өзгерістер туралы туризм және спорт вице-министрі Серік Жараспаев баяндады.
Қазіргі уақытта ведомствода сала өкілдерімен консультациялар жүргізетін арнайы жұмыс тобы құрылған. Айтылған ұсыныстар мен ескертулер түпкілікті құжатты дайындау кезінде ескеріледі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
10.12.2024, 17:19 28551
Президент №1 Хромтау орта мектебін аралап көрді
Достарға айту
Қасым-Жомарт Тоқаев мектептің білім беру ісіндегі ерекшеліктерімен және оқушылардың зертханалық жұмыстарымен танысты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Президентке бұл оқу ордасы "Ақтөбе облысының шағын жинақты ауыл мектептерінің әлеуетін цифрлық технологияларды қолдана отырып дамыту" пилоттық жобасына енгізілгені жөнінде ақпарат берілді.
Қанатқақты жоба шағын жинақты мектептерде цифрлық технологияларды қолдану арқылы білім берудің сапасы мен оқытудың тиімділігін арттыруға бағытталған. Жоба аясында мұғалімдер қашықтан тәжірибе алмасады.
Мемлекет басшысы аталған білім ошағындағы және басқа да ауыл мектептеріндегі оқушылардың ашық сабағына онлайн-режимде қатысты.
Бұдан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев шалғай елді мекендерде тұратын балалардың білім алуына қолайлы жағдай жасау үшін мектепке автобус сыйға тартты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
03.12.2024, 16:45 37501
Шағын жинақталған мектептерде оқытудың жаңа моделі енгізіледі
Достарға айту
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Үкімет отырысында ауыл мектептерін дамыту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Оның айтуынша, министрлік Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында ауыл мектептерінің әлеуетін арттыру жұмыстарын жүйелі түрде жүзеге асыруда.
Министрлік мәліметінше, еліміздегі 8 мыңға жуық мектептің 67%-ы (5247) ауыл мектебі. Оның 51%-ы (2654) шағын жинақты мектеп. Ауыл мектебінің әрбір екіншісі шағын жинақты. Оқушылардың 40%-ы ауыл мектебінде білім алады.
Ауыл мен қала мектептері арасындағы білім сапасындағы алшақтықты PISA халықаралық зерттеулері айқындап отыр. Дегенмен PISA-2018 нәтижелерімен салыстырғанда, 2022 жылғы математика және жаратылыстану бойынша сауаттылық айырмашылығының көрсеткіші 4-5 баллға дейін қысқарды, ал оқу сауаттылығы өзгеріссіз қалуда", - деп мәлімдеді министр.
Ауыл мектептерінің әлеуетін дамыту мақсатында Оқу-ағарту министрлігі 2023 жылдан бастап "Ауыл мектебі - сапа алаңы" республикалық жобасын іске асыруда.
Жоба аясында өңірлерде тиімді жүзеге асырылып жатқан жұмыстар:
Алматы облысында 2023-2024 оқу жылында 50 мектепті қамтитын жаратылыстану-математикалық бағыт пәндері бойынша білім сапасын арттыру мақсатында "Білім-инновация" лицейлерінің тәжірибесіне негізделген жоба "Қазақстан халқына" қорының қаржылай қолдауымен жүзеге асырылды.
Маңғыстау облысы мектептерінің білім сапасын арттыру мақсатында биылғы оқу жылында өңірде 50 мектепті, оның ішінде 35 ауылдық мектепті қамтитын "Отпан" жобасы басталды.
Ақтөбе облысында 2023-2024 оқу жылында Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен, облыс әкімдігінің және "Қазақстан халқына" қоғамдық қорының қатысуымен "Цифрлық технологияларды пайдалана отырып, ауыл мектептерінің әлеуетін арттыру" жобасы жүзеге асырылды. Жобаға 12 тірек және 134 шағын жинақты мектеп, 11 мыңнан астам білім алушы мен 3,5 мыңға жуық педагог қатысты.
Оқу-ағарту министрлігінің Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, "Өрлеу" біліктілікті арттыру ұлттық орталығы, А. Байтұрсынұлы атындағы "Талдау" ұлттық зерттеулер және білімді бағалау орталығымен қатар, "Назарбаев зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымы және "Білімді тұрақты дамыту" қоры және басқа да ұйымдар жобаның табысты жүзеге асырылуын қамтамасыз етті.
Аталған жоба Ақтөбе облысы әкімдігінің толық қолдауымен биылда жалғасын тауып, қалған шағын жинақты мектептер қамтылуда.
Жоба аясында тірек мектептерінің материалдық - техникалық базасы толығымен жаңартылып, шағын жинақты мектептер пәндік және цифрлық кабинеттермен жабдықталды. Мектептер жылдамдығы жоғары Интернетпен қамтамасыз етілді. Жобаға қатысқан мектеп басшылары мен педагогтері цифрлық құзыреттілік пен кәсіби дамуға бағытталған арнайы курстардан өтті", - деді Ғани Бейсембаев.
Шағын жинақты мектептердің техникалық мүмкіндіктеріне қарай оқытудың 4 моделі әзірленіп, енгізілді. Жоба барысында сабақтарға қашықтан бақылау жасалып, білім алушылардың оқу жетістіктеріне мониторинг жүргізілді. Педагогтерге жүйелі әдістемелік қолдау көрсетілді.
Жоба аясында жүргізілген кешенді жұмыстар шағын жинақты мектептердегі білім сапасының артуына ықпал етті. Ол 6,8 және 10 сыныптардағы оқу үлгерімінің нәтижесімен расталды. Апробациядан өткен оқытудың 4 моделінің ішінде "Тірек мектебі - шағын жинақты мектеп" моделі тиімділігін көрсетті", - деп мәлімдеді министр.
Осыған орай, республикалық жобаны кеңейтуді келесі механизмдер арқылы жүзеге асыру ұсынылып отыр.
Біріншіден, әкімдік жергілікті бюджеттен тірек және шағын жинақты мектептердің материалдық-техникалық базасын жаңартуға, сапалы интернетпен қамтамасыз етуге, тірек мектептерінің педагогтерін ынталандыру үшін үстемеақы төлеуге қаражат бөлуді жоспарлауы қажет.
Екіншіден, білім басқармасы жобаны енгізуді, мониторинг пен талдауды, сапаны бақылауды қамтамасыз етеді.
Үшіншіден, әдістемелік орталық мұғалімдерді оқыту мен әдістемелік қолдауға, оқу процесін үйлестіруге толығымен жетекшілік етеді.
Төртіншіден, тірек мектебі қолда бар ресурстарын толықтай пайдалана отырып, шағын жинақты мектепте білім сапасын арттыру бойынша кешенді қолдау шараларын іске асырады.
Ал шағын жинақты мектептің басты міндеті - тірек мектебінің қолдауы мен ресурстарын тиімді пайдалану.
Оқу-ағарту министрлігі ұлттық үйлестіруші ретінде ауыл мектептерінің даму стратегиясын әзірледі.
Енді әкімдіктер стратегия негізінде жобаны кеңейту жұмыстарын кезең кезеңімен іске асыруды қамтамасыз етуі қажет. Биыл жобаға Ақмола, Қостанай, Павлодар, Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы 10 тірек және 30 шағын жинақты мектеп тартылуда. 2025 жылдың қаңтарынан бастап жобаға 17 өңірдің 192 тірек және 759 шағын жинақты мектебі қатысады. Ал үшінші кезеңде осы жобаға қалған шағын жинақты мектептердің барлығы толығымен қамтылуы тиіс. Оқу-ағарту министрлігі жергілікті атқарушы органдардың ауыл мектептерінің әлеуетін арттыруға бағытталған жұмыстарын жүйелі үйлестіре отырып, тиімді жүзеге асырылуын үздіксіз қадағалайтын болады", - деп түйіндеді баяндамасын Ғани Бейсембаев.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
02.12.2024, 16:37 40276
"Ауылдық жерлердегі тірек мектептердің әлеуетін дамыту" жобасы аясында НЗМ қолдауымен 135 өңірлік білім беру ұйымдары қамтылды
Достарға айту
Премьер-министр Олжас Бектенов NU, НЗМ және "Назарбаев Қоры" Жоғары қамқоршылық кеңесінің отырысын өткізді. Атқарылған жұмыстар туралы есеп тыңдалып, одан әрі даму жоспарлары қаралды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
NU президенті Вакар Ахмад университет Орталық Азия аймағындағы жетекші жоғары білім беру, зерттеу және инновация мекемелерінің бірі екенін айтты. 2011 жылдан бастап 360-қа жуық ғылыми жоба, 9 мыңнан астам жарияланым, 500-ден астам стартап ұсынылды. Адами капиталды дамытуға қосқан үлесі жоғары жұмыспен қамтылуымен сипатталады - 2015 жылдан бастап түлектердің шамамен 95%-ы жақсы жұмысқа орналасады немесе оқуын жалғастырады. Отырыста ТМД елдері арасында үздік 2 және Times Higher World University Rankings үздік 300 рейтингіне кіру мақсатына қол жеткізу үшін NU білім беру сапасы мен тиімділігін арттыру бойынша тәсілдер айтылды.
Орта білім беруді дамыту мәселелері бойынша НЗМ басқарма төрағасы Әнуар Жанғозин сөз сөйледі. Бүгінгі таңда "Ауылдық жерлердегі тірек мектептердің әлеуетін дамыту" жобасы аясында НЗМ қолдауымен 135 өңірлік білім беру ұйымдары қамтылды, 583 маман даярланды, олар кейіннен ауыл мектептерінің директоры болды. Алдағы жылы ауылдарда тағы 200 тірек мектепті дамыту жоспарлануда.
Қамқоршылық кеңестің төрағасы мен мүшелері ағымдағы күн тәртібін ескере отырып, білім беру сапасын арттыру, әкімшілік және бюджеттік процестерді жетілдіру жөніндегі NU және НЗМ жоспарларына қатысты бірқатар мәселелерді айтты.
NU университеті жанындағы технопаркке барған кезде Премьер-министр Олжас Бектенов ЖОО зерттеушілері іске асыратын және ғылыми шешімдерді коммерцияландыруға бағытталған денсаулық сақтау және ЖИ, тау-кен металлургия салаларын дамыту салаларындағы озық ғылыми әзірлемелермен танысты.
Премьер-министрге бүгінгі таңда ауданы 3 мың шаршы метр технопарк аумағында 32 қазақстандық компания жұмыс істейтіні, тәжірибелік-эксперименттік цех, цифрлық прототиптеу зертханасы жұмыс істейтіні, арнайы экономикалық аймақ режимінің мүмкіндіктері берілетіні баяндалды. Ғылыми жобалардың басшылары индустриялық серіктестермен бірлесіп өз өнімдерін көрсетті және Премьер-министрдің әзірлемелерді коммерцияландыру және ілгерілету бойынша бұған дейін қойған міндеттеріне қол жеткізу әрекеттері туралы хабарлады.
Әрбір жоба технологиялардың дайындық деңгейіне сәйкес TRL шкаласы бойынша 0-ден 9-ға дейінгі баллмен бағаланады.
Бірқатар әзірлемелер барынша бағаланды: Codiplay білім беру IT-жобасы, тау-кен металлургия секторына арналған Smartview Innovation стартапы және IHT Central Asia медициналық бұйымдар жасау кәсіпорны.
Оқушылардың цифрлық дағдыларын дамытуға бағытталған Қазақстандық Codiplay стартап-жобасы қазіргі уақытта Ұлыбритания, Оңтүстік Корея, Сауд Арабиясы, Түркия, Әзербайжанды қоса алғанда, 10 елдегі 450-ден астам оқу орындарын қамтиды. Еліміздің мектептерінде технологияны енгізу бойынша жұмыс жүргізілуде. Жыл соңына дейін Түркістан облысының 10 білім беру ұйымы Codiplay экожүйесіне қосылып, кейіннен 2025 жылы тағы 60 мекемеге, оның ішінде Ақтөбе және Қарағанды облыстарында кеңейтілетін болады. Олжас Бектенов Оқу-ағарту министрлігіне жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп мектептерде Codiplay әзірлемелерін белсенді енгізуді тапсырды, бұл оқушыларды прототиптер арқылы цифрлық инновацияларға тиімдірек оқытуға мүмкіндік береді. Жоба Ұлттық білім академиясының мақұлдауына ие болды. И. Алтынсарин, ал компанияның өнімі - CODITEACH UNICEF цифрлық қоғамдық игілік (Digital public Good) деп танылды, бұл халықаралық нарықтарға шығу үшін қосымша мүмкіндіктер туғызады.
Smartview Innovation" ЖШС стартапы пайдалы қазбаларды өндіру тиімділігін арттыруға бағытталған. Жаңа технология жұмыс күшін 90%-ға дейін үнемдеуге мүмкіндік береді, қызметкерлердің қауіпсіздік шараларын 80%-ға, аппаратшылардың жұмыс тиімділігін 50%-ға арттырады. Премьер-министрге қазіргі уақытта пилоттық жоба Түркістан облысында Central Asia Mining Co-мен бірге жүзеге асырылып жатқаны, қосымша серіктес іздестірілуде екені айтылды. Стартапты Ресей, Канада, Австралия және АҚШ сияқты халықаралық нарықтарға кеңейту жоспарланып отыр.
IHT Central Asia жобасы медициналық бұйымдарды әзірлеуге және өндіруге маманданған. Қазақстандық-испандық кәсіпорын биыл 4 мыңнан астам өнім түрін шығарды, олардың ішінде миокард инфарктісі мен жүректің ишемиялық ауруын емдеу кезінде көмектесетін коронарлық стенттер мен катетерлер бар. Компания технопаркпен бірлескен зерттеулер мен әзірлемелер орталығын ашу, отандық тігін материалын өндіру бойынша фабриканы іске қосу және "СК-Фармациямен" ынтымақтастықты кеңейтуді жоспарлап отыр. Қазіргі уақытта кәсіпорын өз өнімдерін Қырғызстанға экспорттайды және 7 елге шығуды жоспарлап отыр. Премьер-министр Денсаулық сақтау министрлігіне отандық өндірушілерге жәрдемдесу үшін "СК-Фармация" және Дәрілік заттарды сараптаудың ұлттық орталығымен жұмыс жүргізуді тапсырды. Өз кезегінде Өнеркәсіп министрлігінің алдына отандық тауар өндірушілерді экспорттық қолдау шараларымен қамтуды кеңейту міндеті қойылды.
Премьер-министрге тірек-қимыл аппараты бұзылған адамдарды оңалту үшін экзоқаңқалар өндірісін іске қосу, клиникаға дейінгі кезеңде донорлық органды ұзақ мерзімді тасымалдау жүйесін, қатерлі ісікке қарсы жаңа препаратты әзірлеу бойынша жобалар таныстырылды. Әзірлемелер клиникалық сынақтың әртүрлі кезеңдерінде.
Трансплантология саласындағы жоба бойынша Олжас Бектенов ел тұрғындары арасында өсіп келе жатқан қажеттілікті ескере отырып, қазіргі заманғы медицинаның барлық талаптарына сай болған жағдайда сертификат алу рәсімін жеделдетуді тапсырды. University Medical Center корпоративтік қорының басқарма төрағасы, кардиохирург Юрий Пя әзірлеудің бірегейлігі оқшауланған органды 24 сағаттан астам уақыт бойы сақтап қана қоймай, оның жай-күйін емдеуді, бақылауды жүзеге асыру мүмкіндігінде, атап айтқанда дәрігерлерге ультрадыбыстық, тамырішілік зерттеулер сияқты рәсімдер қолжетімді болатынына тоқталды.
Су ресурстарын басқаруда жасанды интеллектіні пайдалану, металдарды терең өңдеу саласындағы бірқатар жобалар бойынша бүгінгі таңда индустриялық серіктестерді анықтау үшін келіссөз жүргізілуде, өндірістерді дамыту бойынша егжей-тегжейлі жоспарлар әзірленуде.
Сонымен қатар Премьер-министрге ақпараттық технологиялар, медицина, робототехника, жасанды интеллект, энергетика, білім беру салаларындағы коммерциялық әлеуеті бар 10 жаңа әзірлеме таныстырылды.
Олжас Бектенов Үкіметтің экономиканы дамытуға және халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған озық жобаларды қолдайтынын атап өтті. ЖОО басшылығы мен мүдделі мемлекеттік органдар басшыларының алдына ғылым мен өндірісті интеграциялау, өткізу мен экспортқа бағыттау бойынша міндеттер қойылды.
Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында университеттердің экономиканың нақты секторымен байланысын күшейту қажеттігін атап өтті. Біз танысқан ғылыми әзірлемелердің табысты бизнес-жобаларға айналу перспективалары зор. Біз үшін инновациялық саясатты еліміздің ғылыми-технологиялық басымдықтарымен үндестіру маңызды. Біз ғылыми-зерттеу жобаларын ынталандыру үшін қолайлы жағдай жасап қана қоймай, олардың коммерциялануына ықпал етуіміз керек. Бұл Қазақстанның халықаралық аренадағы ұстанымын нығайтуға және жоғары технологиялық салалардың дамуына серпін береді", - деп атап өтті Олжас Бектенов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
28.11.2024, 12:24 44221
Қазақстан мен Ресей президенттері ҚазҰУ-дің Омбыдағы филиалын ресми түрде ашты
Достарға айту
Қазақстан мен Ресей президенттері ҚазҰУ-дің Омбыдағы филиалын ресми түрде ашты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин Ф.М.Достоевский атындағы Омбы мемлекеттік университетінің базасында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филиалын ресми түрде ашу рәсіміне бейнебайланыс арқылы қатысты.
Салтанатты іс-шараға Қазақстанның Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек пен Ресейдің Жоғары білім және ғылым министрінің орынбасары Константин Могилевский қатысып, екі ел арасындағы ғылым және жоғары білім саласындағы ынтымақтастық жөнінде баяндама жасады.
Мұнан соң мемлекеттер басшылары университет филиалын ашуға рұқсат берді.
Сондай-ақ жиынға ҚазҰУ басқарма төрағасы - ректоры Жансейіт Түймебаев пен ОмМУ ректоры Сергей Замятин қатысты.
Ресейде тұңғыш рет ашылған қазақстандық жоғары оқу орнының филиалына талапкерлерді қабылдау 2025 жылдың қыркүйек айына жоспарланған. Қазақстан мен Ресей үкіметтері студенттерді оқыту үшін арнайы 200 грант бөлді.
ҚазҰУ-дің Омбыдағы филиалы "Халықаралық құқық", "Қазақ филологиясы" және "Кеден ісі" сияқты білім беру бағдарламалары бойынша бакалаврлар мен магистрларды даярлайды. Болашақта қос дипломды білім беру бағдарламасы жүзеге асырылмақ.
Филиалдағы оқу үдерісін ұлттық университеттің оқытушы-профессор құрамы қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жүргізеді. Алдағы уақытта шетелдік ғалымдарды тарту көзделіп отыр.
Қазіргі уақытта филиалда оқу-әдістемелік қызметке арналған 10 кабинет жасақталған. Атап айтқанда, студенттер Шоқан Уәлиханов атындағы кеден ісі, Абай атындағы қазақ тілі және Нәзір Төреқұлов атындағы халықаралық құқық кабинеттерінде дәріс тыңдайды. Бұдан бөлек, басшылық пен профессор-оқытушылар құрамы үшін 5 кабинет, 7 оқу аудиториясы және коворкинг орталығы қарастырылған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
26.12.2024, 12:03Көлік министрлігі авиациялық оқиғаны тергеу жөніндегі Комиссия құрды 26.12.2024, 12:45 16141Көлік министрлігі Әзербайжан Республикасы Үкіметімен бірлесіп жұмыс істейді26.12.2024, 15:01 12801Қазақстандықтар ел банктерінде 5 триллион теңгеден астам қаражатты шетел валютасында сақтайды26.12.2024, 15:07 12561Екібастұз ГРЭС-1 станциясының 500 МВт қуаттылықтағы энергоблогы пайдалануға берілді26.12.2024, 15:14 12226Бектенов Астанадағы Әзербайжан елшілігінің көңіл айту кітабына жазба қалдырды
20.12.2024, 19:59 97671Жамбыл облысының 5 ауданына трансшекаралық өзендер арқылы суармалы су берілді20.12.2024, 19:44 96166Дубайда "Астана Опера" спектаклін 12 мың көрермен тамашалады20.12.2024, 19:42 85421Астанада Отбасын қолдау орталықтары жұмысының қорытындысы бойынша жиын өтті20.12.2024, 12:52 82886ҚМА Кинологиялық орталығының мамандары мен иісшіл иттер қоғамдағы заңдылық пен тәртіпті орнатуға өз үлесін қосуда20.12.2024, 17:06 77911Қазақстан Ұлттық Банкі доллар айырбастау туралы мәлімдеме жасады
12.12.2024, 17:30 111961Үкімет Ұлытау облысында жаңа мектеп салуға қайтарылған активтерден 1,2 млрд теңгеден астам қаражат бөлді12.12.2024, 17:23 111316Мемлекет басшысы "Талдықорған" индустриялық аймағына барды06.12.2024, 17:15 106926ІІМ көліктегі полиция департаментінің жаңа бастығы тағайындалды13.12.2024, 19:00 102861Шығыс Қазақстан облысында қатерлі ісікті ерте анықтайтын эндоскопиялық диагностика орталығы ашылды13.12.2024, 18:50 102741Қазақстан-Қытай шекарасындағы өткізу пункттері уақытша жабылады