06.02.2025, 17:35 551

Оқу-ағарту министрі өңірлік әдістемелік орталықтардың басшыларымен кеңес өткізді

Мемлекет басшысының білім беру сапасын арттыру жөніндегі тапсырмаларын іске асыру аясында Оқу-ағарту министрі әдістемелік орталықтардың басшыларымен кеңес өткізді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметінен.

Ғани Бейсембаев оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысын жетілдіру мәселелеріне назар аударды, сонымен қатар әдістемелік орталықтарды трансформациялаудың маңыздылығын атап өтті. Бүгінгі таңда Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру және инфрақұрылымды жаңғырту жоспарын бекітті.

Қазақстанда өңірлік деңгейлерде 20 әдістемелік орталық, аудандық және қалалық білім бөлімдерінің жанында 205 әдістемелік кабинет жұмыс істейді. Еліміздің әдістемелік қызметінде 3 мыңға жуық маман еңбек етеді, оның 55%-ы ауылдық жерлерде.

Сапалы білім берудің іргетасын кәсіби білікті педагогикалық құрам қалайды. Педагогтерге әдістемелік қолдау көрсету, мықты мұғалімдер базасын қалыптастыру және олардың табысты тәжірибесін әріптестер арасында таратуға ықпал ету керек", - деп атап өтті Оқу-ағарту министрі.


Министр білім беру саласындағы мемлекеттік бастамалардың іске асырылуын бақылауды күшейтуді, әдістемелік орталық қызметкерлерінің біліктілігін арттыруды, озық тәжірибелерді енгізуді және білім берудің барлық деңгейінде әдістемелік жұмысты нығайтуды тапсырды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны