06.02.2025, 17:27 4851

Үкіметте Республикалық бюджет комиссиясының отырысы өтті

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен Республикалық бюджет комиссиясының отырысы өтті, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.

РБК отырысының қорытындысы бойынша орман тәлімбағын құру, ұлттық гидрометеорологиялық қызметті жаңғырту және өрт қауіпсіздігін күшейту арқылы қоршаған ортаның жағдайын жақсартуға бағытталған жобаларды қаржыландыруға қолдау көрсетілді.

Сонымен қатар қосымша қаржылық қолдауды қажет ететін бірқатар жоба қарастырылды.

Премьер-министр мемлекеттік органдардың басшыларына процесті қатаң бақылауға алып, шығыстардың негізсіз артуына және жобалар құнының өсуіне жол бермеуді тапсырды. Бағдарлама әкімшілерінің жұмысын күшейту және сметалық құжаттамада енгізілген жоба құнын сақтау қажеттігіне назар аударылды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны