ҚР 10 қыркүйекке арналған эпидемиологиялық жағдай: коронавирус пен пневмониядан 97 адам қайтыс болды
Қазақстанда өткен тәулікте 4 024 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Аймақтар бойынша:
Нұр-Сұлтан қаласында – 320;
Алматы қаласында – 931;
Шымкент қаласында – 160;
Ақмола облысында – 203;
Ақтөбе облысында – 300;
Алматы облысында – 290;
Атырау облысында – 130;
ШҚО–да – 167;
Жамбыл облысында – 75;
БҚО–да – 98;
Қарағанды облысында – 581;
Қостанай облысында – 176;
Қызылорда облысында – 79;
Маңғыстау облысында – 183;
Павлодар облысында – 220;
СҚО-да- 72;
Түркістан облысында - 39.
Қазақстанда бір тәулік ішінде 6 169 адам коронавирустық инфекциядан сауығып кетті. Жалпы, елде CОVID-19-дан 747 978 адам жазылып кетті, деп хабарлайды CОVID-19 таратпау жөніндегі ВАК.
10 қыркүйекке КВИ-ден 82 162 адам (74 116 КВИ+ және 8 046 КВИ -) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде:
- стационарларда 17 245 пациент бар;
- амбулаториялық деңгейде - 64 917 пациент.
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде:
- ауыр халде – 1 310 пациент,
- аса ауыр халде – 373 пациент,
- ӨЖЖ аппаратында – 208 пациент бар.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда 2020 жылдың 13 наурызынан 2021 жылдың 9 қыркүйегіне дейін коронавирустық инфекцияға оң ПТР-тесті бар коронавирустан 10 154 өлім жағдайы тіркелген. 8 қыркүйек күні КВИ-ден 78 адам қайтыс болды.
8 қыркүйек күні коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 275 жағдайы тіркелді, 19 адам қайтыс болды және 133 адам сауығып кетті. 2020 жылғы 13 наурыздан бастап барлығы тіркелді: ауру – 72 223, өлім – 4 630, сауыққандар – 59 547.
Қазақстанда 2021 жылғы 9 қыркүйекке I компонентпен 7 010 302 адам вакцинацияланды, II компонентпен 5 834 656 адам вакцинацияланды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.