20.05.2022, 17:33 25221

350 мыңнан астам қазақстандық құмар ойындарынан зардап шегуде

350 мыңнан астам қазақстандық құмар ойындарынан зардап шегуде
Сурет: Depositphotos
НҰР-СҰЛТАН. 20 МАМЫР - Қазақстан жастары конгресінің атқарушы директоры Тоқтар Болысов микрокредит беру жасын 21-ге дейін көтеруді ұсынды.
 
Бүгін сенатта "Жаңа Қазақстан: жастар және жаңғыру" тақырыбында өткен парламенттік тыңдаулар кезінде конгресс басшысы маңызды мәселені көтерді. Оның айтуынша, елімізде лудомания лудомания (құмар ойындарға тәуелді болу. - Ескерт. KAZAKHSTAN TODAY) проблемасы ушығып барады, құмар ойындарға тәуелді жастардың саны көбейді.
 
Қазірдің өзінде, шамамен, 350 мың қазақстандық құмар ойын құрсауынан шыға алмай жүр. Олардың басым бөлігі – жасөспірімдер.
 

Мысалы, студенттер ойнаймын деп, микрокредит ұйымдарынан шағын несие алады. Бірақ артынан тәуелді болып кетеді. Ал қарызды ата-анасы төлейді. Осыған байланысты біз микрокредиттерді беру жасын 18-ден 21-ге дейін көтеруді сұраймыз", - дейді Болысов.

 
Бұған дейін жарияланған статистикаға сәйкес, қазақстандықтардың 70 проценттен астамы 25-45 жасында алғаш рет кредит рәсімдейді. Соңғы кезде халық тұрмыстық заттарға ғана емес, тамақ пен киімге де кредит ала бастады. Баласын мектепке дайындау үшін қарыз рәсімдейтін ата-аналар да аз емес.
 
Ақпарат көзі: sputnik.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны