03.06.2021, 19:19 10564

Алматыдағы кейбір үйлерде ыстық су беру шектеледі

Алматы қаласының Түрксіб ауданы аумағында орналасқан бірқатар тұрғын үйлер мен өзге де ғимараттарға ыстық сумен жабдықтау шектеледі.
АЛМАТЫ. 3 МАУСЫМ - Алматы қаласының Түрксіб ауданында қазандықтардағы су жылытатын жабдықтарды жөндеуге байланысты бірқатар үйлерге ыстық су беруді шектейді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY "Алматы жылу жүйесі" ЖШС баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
 "Алматы жылу жүйесі" ЖШС баспасөз қызметі хабарлағандай, Алматы қаласының Түрксіб ауданы аумағында орналасқан бірқатар тұрғын үйлер мен өзге де ғимараттарға ыстық сумен жабдықтау шектеледі.
 
7-11 маусым аралығында келесі көшелерінің контурларында: 
 
Сүйінбай - Қазақпаев - Беляков - Кожедуба; 
 
Свердлов - Хабаровская - Таштитов - Орджоникидзе; 
 
Сейфуллин - Терехин - Дулатов - Ақан сері; 
 
Клара Цеткин - Спасская - Қостанай - Нұрсая.
 
7-18 маусым аралығында ыстық су беру Жұлдыз-2 шағын ауданында, сондай-ақ Рихард Зорге - Молдағалиев - Чехов - Ақан сері, Лавренев-Дөнентаев көшелерінің контурларында шектеледі.
 

Бұл іс-шаралар күзгі - қысқы кезеңде жылу энергиясын өндіру және тұтынушыларға беру процестеріндегі тәуекелдерді азайту үшін қажет", - деп атап өтті компанияның баспасөз қызметінде.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны