28.03.2022, 19:01 13111

Ақтөбе әуежайы жұмысын қайта жандандырды

Ақтөбе әуежайы жұмысын қайта жандандырды
Сурет: Ақтөбе әуежайының баспасөз қызметі
АҚТӨБЕ. 28 НАУРЫЗ - Әлия Молдағұлова әуежайы жұмысын қайта жандандырды. Бүгін Нұр-Сұлтан – Ақтөбе бағытында бір рейс келді.
 
Ақтөбедегі әуежай 17-наурыз күні жұмысын уақытша тоқтатып, жөндеу жұмыстары жүргізілді. 
 
Онда ұшу-қону жолағындағы плиталар ауыстырылды. Кезекті комиссия 25-наурыз күні келіп, бүгін шешімін шығарған. 
 

Ақтөбе әуежайы жұмысын қайта жандандырды. Қауіпсіздік үшін тек күндізгі уақытта ұшып-қонуға рұқсат беріліп отыр. Бүгін жөндеуден кейін Нұр – Сұлтан – Ақтөбе бағытында бір рейс келді. Өзге компанияларға да хабарландыру берілді", - деді "Әлия Молдағұлова халықаралық әуежайы" АҚ басқарма төрағасы Дастан Малиев. 

 
Еске салсақ, облыстық қоғамдық кеңес мүшелерімен кездесу кезінде облыс әкімі Оңдасын Оразалин әуежайда кемінде 500-ге жуық плита ауыстырылуы керек екенін айтты. Бұл жұмыс 2-3 ай мерзімде аяқталуы тиіс еді.
 
Ақпарат көзі: inform.kz 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны