06.03.2023, 11:35 32896

Алматыда бірқатар сауда нүктелері мен кафелер сүріледі

Алматыда бірқатар сауда нүктелері мен кафелер сүріледі
Сурет: gov.kz
Жалдау мерзімі аяқталғаннан кейін кәсіпкер жер телімін мемлекеттік қорға қайтаруы керек еді, бірақ ол мұны өз еркімен жасаудан бас тартты

Алматы. 6 наурыз. KAZAKHSTAN TODAY - Алматыда сот шешімі бойынша Төле Би мен Момышұлы көшелерінің қиылысында мемлекеттік қордың жерлерінде орналасқан бірқатар сауда нүктелері мен кафелер сүріледі, деп хабарлайды Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі.
 
Әкімдіктің ақпараты бойынша, бұл учаскені кәсіпкер жалға алу құқығында үш жыл мерзімге иеленген. Жалдау мерзімі аяқталғаннан кейін кәсіпкер жер телімін мемлекеттік қорға қайтаруы керек еді, бірақ ол мұны өз еркімен жасаудан бас тартты. Сондықтан Алматы қаласының қала құрылысын бақылау басқармасы сотқа тиісті талап арызбен жүгінді.
 

Нәтижесінде, 2021 жылғы 15 қыркүйекте мамандандырылған ауданаралық экономикалық сот өз бетінше салынған нысандарды сүріп, учаскені жалпы пайдалануға қайтару туралы шешім қабылдады. Бұл шешімге апелляциялық сотта үшінші тарап наразылық білдірді. Осы талап арыз 2021 жылғы 21 желтоқсанда Алматы қалалық сотының қарауынсыз қалдырылды және бірінші сатыдағы соттың шешімі ұзақ сот талқылауларынан кейін заңды күшіне енді", - деп нақтылады баспасөз қызметінде.

 
Қазір Алматы қаласы Әділет департаменті сот орындаушыларының нысандарды бұзу күнін белгілеуі күтілуде.
 
Естеріңізге сала кетейік, Алматыда мектепті кеңейту үшін кафе аумағы сатып алынады. Сонымен қатар, Алматыда бұзушылықпен салынып жатқан әкімшілік орталық сүріледі.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны