17.04.2023, 08:34 41691

Алматы тұрғыны пәтер терезесінен бірнеше рет оқ атқан

Ол аңшы мылтығынан оқ атты
Алматы. 17 ақпан. KAZAKHSTAN TODAY - Әуезов ауданындағы үйлердің бірінде ер адам пәтер терезесінен оқ атқан. Патрульдік полиция қызметкерлері және полицияның арнайы жасақтары күдіктіні ұстады.

Нәтижесінде, 1959 жылы туған К.есімді азамат ұсталды, ол алкогольдік масаң күйде өз атына тіркелген аңшы мылтығынан бірнеше рет оқ атқандығы белгілі болды. Зардап шеккендер жоқ", - деп хабарлайды Polisia.kz.


Оның әрекетіне құқықтық баға тергеу барысында берілетін болады. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге де мәліметтер жария етуге жатпайды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны