Төтенше жағдайлар министрлігі мен Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінде кадрлық өзгерістер орын алды
Төтенше жағдайлар министрлігі мен Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінде кадрлық өзгерістер орын алды Алматыдағы "Жайсаң" тұрғын үй кешенін бұзу туралы шешімнің егжей-тегжейлері белгілі болды
Сурет: Алматы әкімдігі
Тексеріс жүргізген қалалық Құрылыс басқармасы да бірқатар заңсыздықты анықтап, сотқа шағым түсіріпті. Сөйтіп, сүрілетін болып шешілген. Бірақ құрылыс компаниясы сот шешімімен келіспейді. Үлес құрылысқа ақшасын салғандар да не істерін білмей отыр.
"Жайсаң" тұрғын үй кешенінің құрылысы осыдан 3 жыл бұрын басталған. Жер жарған жарнамасы мен суреттеріне қарасаң көпті күттіреді. 3 қабатты 8 үй кәдігімгідей көздің жауын алады. Сот бұл нысанның құрылысын заңсыз деп тапса да, не үшін екені белгісіз бірен-сараң құрылысшылар жұмыс істеп жүр. Ал, дәл сол нысанға қарама-қарсы үйде тұратын Асқар Жұмағали құрылыс кесірінен күндіз-күлкіден, түнде ұйқыдан айырылдық деп отыр.
Мынауғой міне стройка. Осыны утрамбовка істеген кезде үйдің сыртының бәрі құлады, люстралар. Свет замыкание болып, трещиналар кетті содан".
Жігіт ағасы баспанасынан 5 адым жердегі құрылыстың кесірінен қабырғалары қақырап, сылақтары сыпырылып кеткен үйіміз енді құлап кете ме деп қорқады. Тәуелсіз сарапшылар да бұл үйге 4 миллион теңгеге жуық залал келгенін растаған.
Бұл тұрғын үй кешенінің директоры Марат Тарғұлов алдында маған өзінің заңгерлерін жіберіп, төбелес ашып. Кейін мен олардың үстінен арыздандым Наурызбай аудандық ішкі істер басқармасына. Бірақ та менің арызым бойынша шара қолданбады. Мен қазір ары қарай шағым жазып жатырмын. Бұлардың заңгерлері келіп, маған қоқанлоқы көрсетіп, өздерінің телефонын жерге лақтырып, менен көріп. Сен ұрдың мені, телефонымды құлаттың деп бәле жаба бастады", - деді Алматы қаласының тұрғыны Асқар Жұмағали.
Жұрттың базынасына құрылыс компаниясының бірнеше өкілі де келе қалды. Құрылысымыз толықтай заңды деген олар өздеріне шаң жуытпай отыр.
Мемлекеттік органдар ГАСК-пен Алматы қаласы урбанистикасының жіберген қателіктерінің нәтижесінде кеше сот шықты. Солардың жағына қарай осы құрылысты бұзу туралы. Бірақ, біз оны заңсыз деп санаймыз. Апелляциялық жоғарғы сотқа беріп, міндетті түрде ол шешімді өзгертеміз. Құжаттары мүлдем берілмеген құрылыс заңсыз деп саналады. Дұрыс қой? Ал, бізде бүкіл 5 құжат бар басынан бастап берілетін", - деді құрылыс компаниясының өкілі Айбек Бақтыгереев.
Компания өкілдері құрылыстың заңды екенін жеткізумен әлек болып жатқанда, жұрт қақпа сыртына жиналып, шу шығарды. Бірі, осы тұрғын үй кешінінен үй аламын деп 50 пайыз қаражатын төлеп қойғандар, енді бірі серіктестіктің кесірінен суға жарымай отырмыз дейді.
50 пайыз төледік, бізге бітеді деді. Аласыңдар деді. Ақшасын қайтарсын. Біз қанша бердік сол ақшамызды қайтарып берсін. Ақшамызды қайтарсын біз басқа жерден үй аламыз, мынандай үй емес", - дейді Алматы қаласының тұрғыны Раушан Шәріпова.
Бізге су берсін. Біздің суымызды ұрлап алып отыр бұл кісілер. Заңсыз келіп отыр. Ұрламасын халықтың суын. Аслсын су қай жақтан алса. Елдің суы үш күн сайын жоқ", - дейді Алматы қаласының тұрғыны Данагүл Нұрымбетова.
Ал, атқамінерлер алған беттерінен қайтпауға бекінген. Айтуларынша, соттың шешімімен заңсыз деп танылған бұл нысанда осыған дейін тексеріс жүргізіліп, әкімшілік жауапкершілікке тартылған екен.
Осы нысан бойынша эскиздік жобасы қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасында келісілмегендігі анықталды. Осыған сәйкес басқармамен әкімшілік шара қолданылып, заң бұзушылықты жою негізінде ұсыныс берілген болатын. Алайда, аталған ұсыныс орындалмау себебінен сотқа талап арыз жолданды. Барлық шағым мен талап арыз сотпен оң шешім қабылданып, қазіргі уақытта заңды күшіне енуі күтілуде", - деді Әуезов және Наурызбай аудандары бойынша Қала құрылысын бақылау бөлімінің басшысы Медет Рабаев.
Әзірге Жайсаң тұрғын үй кешенінің сүрілуі мен құрылыстың заңсыз екендігі жөнінде соттың шешімі шыққан. Енді оның заңды күшіне енуіне 10 күн бар. Егер тапсырыс беруші компания Жоғарғы сотқа дейін шағымданатын болса, тұрғын үйдің сүрілуі үшін жұрттың әлі біраз уақыт күтіп қалуы мүмкін.
Ақпарат көзі: ktk.kz
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.