30.03.2021, 17:52 9582

Алматының бас санитариялық дәрігері карантин туралы қаулыға өзгерістер енгізді

"Алматы қаласы әкімдігінің сайтында жарияланған тізімге сәйкес "ASHYQ" пилоттық жобасында жұмыс істейтін кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне рұқсат етілсін".
АЛМАТЫ. 30 НАУРЫЗ - Алматы қаласының бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Жандарбек Бекшин 29 наурыздағы №13 қаулысымен карантиндік шаралар туралы 2021 жылғы 27 наурыздағы №12 қаулыға өзгерістер мен толықтырулар енгізді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Алматы қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Алматы қаласы әкімдігінің сайтында жарияланған тізімге сәйкес "ASHYQ" пилоттық жобасында жұмыс істейтін кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне рұқсат етілсін", - делінген құжатта.

 
Құжатқа сәйкес, ХҚКО мен "Қазпошта" АҚ бөлімшелерінің жазба бойынша, уақыт бойынша шектеусіз жұмыс істеуіне рұқсат берілген.
 
Сондай-ақ, келушілерге қызмет көрсететін қоғамдық тамақтану объектілерінің жазғы алаңдарда ғана жұмыс істеуіне рұқсат етіледі, мұнда отыратын орындар 50%-ға ғана толуы керек, бірақ 50 орыннан аспайды және үстелдер арасындағы қашықтық 2 метр болуы тиіс.
 

2020-2021 оқу жылының соңына дейін жатақханаларда тұрмай ТжКБ және ЖОО студенттері мен жалпы білім беретін мектеп оқушыларын қашықтықтан оқыту форматына көшіру, ата - аналарының өтініші бойынша 1-5 кезекші сыныптарды қоса алғанда (халықаралық мектептерде 1-7 сыныптарды қоса алғанда), 15 адамға дейінгі балалары бар 9 және 11 (12) сыныптарға рұқсат беру", - делінген қаулыда.

 
Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық басқармасына осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес алгоритмді сақтай отырып, қоғамдық орындарда халықты COVID-19-ға қарсы иммундау пункттерінің дайындығын қамтамасыз ету тапсырылды.
 
Қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енді.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны