Қазақстанда 15 наурызға арналған коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай
Қазақстанда өткен тәулікте 1 011 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды.
Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 224 731. Аймақтар бойынша:
Алматы қаласында – 27 703 (+342);
Нұр-Сұлтан қаласында – 26 606 (+157);
ШҚО–да – 22 473 (+20);
Павлодар облысында – 18 509 (+46);
Атырау облысында – 17 710 (+41);
Қарағанды облысында – 16 195 (+84);
Ақмола облысында – 14 515 (+61);
БҚО-да – 13 827 (+32);
Қостанай облысында – 13 118 (+49);
СҚО–да – 12 745 (+17);
Алматы облысында – 11 711 (+92);
Шымкент қаласында – 6372 (+21);
Жамбыл облысында – 6148 (+20);
Ақтөбе облысында – 4522 (+18);
Түркістан облысында – 4361 (+9);
Маңғыстау облысында - 4298 (+0),
Қызылорда облысында - 3918 (+2).
Қазақстанда өткен тәулікте 683 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Қазақстан бойынша COVID-19-дан жазылғандар саны - 206 832, деп хабарлайды COVID-19 таратпау жөніндегі ВАК.
15 наурыздағы жағдай бойынша КВИ-ден 19 129 адам (15 043 КВИ+ және 4 086 КВИ–) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде 5 285 науқас стационарларда, ал 13 844 науқас амбулаториялық деңгейде.
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде:
• ауыр жағдайда – 231 науқас;
• аса ауыр жағдайда – 51 науқас;
• өкпені жасанды желдету (ӨЖЖ) аппаратында – 38 науқас.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтері бойынша, Қазақстанда 13 наурыз бен 14 наурыз аралығында коронавирустан жалпы 2 856 өлім тіркелді.
Сонымен қатар, 13 наурыз 2021 жылы коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 9 жағдайы және 2 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 174 адам емделіп шықты.
2020 жылдың 1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 49 810, 655 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 45 069 жетті.
2021 жылғы 15 наурыздағы Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес "қызыл" аймақта Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары орналасқан.
"Сары" аймақта: Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар облыстары.
"Жасыл" аймақта - қалған барлық өңірлер.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.