12.09.2022, 15:12 20321

Бағдат Мусин мамандандырылған ХҚКО-ларда кезек мәселесін бақылауға алды

Мусин ескертусіз Қарағанды облысындағы мамандандырылған ХҚКО-да болып, практикалық емтихан тапсыруды күтіп отырғандардың үлкен кезегін байқады.
Бағдат Мусин мамандандырылған ХҚКО-ларда кезек мәселесін бақылауға алды
Сурет: instagram/bagdatmussin
ҚАРАҒАНДЫ. 12 ҚЫРКҮЙЕК - Қазақстанның цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин ескертусіз Қарағанды облысындағы мамандандырылған ХҚКО-да болып, практикалық емтихан тапсыруды күтіп отырғандардың үлкен кезегін байқады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Бағдат Мусиннің Instagram-дағы парақшасына сілтеме жасап.
 

Елордадан біздің келетінімізді біліп дайындап қойған жаңартылған халыққа қызмет көрсету орталығын аралағаннан кейін, өзімнің әдеттегідей тәжірибем бойынша ешкімге ескертусіз Мұқанов көшесінде орналасқан Қарағандының ескі мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына соқтым. Мұнда барған кезімде мен практикалық емтихан тапсыруды күтіп отырған адамдардың ұзын-сонар кезегіне куәсі болдым. Электрондық кезек жүйесі жұмыс істемейді, күтушілер үшін ешқандай жағдай қарастырылмаған, әрине осындай жағдайлар адамдардың шағым білдіруіне әкелетіні жасырын емес", - деп жазды ЦДИАӨМ басшысы Instagram-да.

 
Мусинге мәселені сол жерде шешуге тура келді, ол, біріншіден, жедел түрде электрондық кезекті енгізу, екіншіден, адамдар күні бойы күтіп тұрмауы үшін, бірақ алдын ала жазылып, белгіленген сағатта келуі үшін онлайн-жазылуды ұйымдастыру туралы тапсырма берді.
 

Жалпы, мамандандырылған ХҚКО-лардағы ұзын-сонар кезек мәселесін басты назарға алдық, мұндағы автодромдардың енді сенбі күндері де жұмыс істеуі мәселесін қарастырамыз. ХҚКО мен автодром арасында шешілуі тиіс тағы бірнеше интеграциялық мәселелерді анықтадым", - деді министр.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны