28.12.2022, 09:02 59246

"Болашақ" стипендиясы 170-тен астам қазақстандыққа берілді

Стипендиаттардың басым көпшілігі шетелдерде инженерлік-техникалық бағытта білім алып, біліктілігін жетілдіреді
"Болашақ" стипендиясы 170-тен астам қазақстандыққа берілді
Сурет: Depositphotos
Астана. 28 желтоқсан. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қариннің төрағалығымен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Республикалық комиссияның шешімімен 178 азаматқа "Болашақ" халықаралық стипендиясы берілді. Олар әлемнің жетекші жоғары оқу орындарына және өндірістік орталықтарында магистратура, докторантура және резидентура бойынша білім алады, сондай-ақ тағылымдамадан өтеді", - деп хабарлады баспасөз қызметі.


Отырыста Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Болашақ" бағдарламасын қайта бағдарлау бойынша тапсырмаларын орындау мәселелері талқыланды.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, бүгінде стипендиаттардың басым көпшілігі шетелдерде инженерлік-техникалық бағытта білім алып, біліктілігін жетілдіреді.

Жиын соңында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин "Болашақ" халықаралық стипендиясына қатысты бірқатар нақты тапсырма берді.

Бұған дейін "Болашақ" стипендиясына үміткерлер үшін мемлекеттік тілді білуге арналған тестілеудің жаңа түрі енгізілетіні хабарланған болатын.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны