11.10.2021, 19:37 71486

Қазақстан COVID-19-дың төрт толқынынан өтті

НҰР-СҰЛТАН. 11 ҚАЗАН - Қазақстанда КВИ жұқтыру қарқыны бойынша төрт толқыны өтті. Бұл туралы Парламент Мәжілісіндегі Үкімет сағатында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты.
 

Қазақстан індет жұқтырудың төрт толқынынан өтті. Бұл өз кезегінде коронавирус инфекциясының жаңа штамдарының пайда болуына қатысты", - деді А. Цой.

 
Оның айтуынша, соңғы рет індет жұқтыру деңгейі артқанда кезеңде тәулігіне 7 800 жағдай тіркелген.
 

КВИ бойынша профилактикалық және эпидемияға қарсы жұмыстарды уақытылы жүргізуге байланысты індеттің таралуы қарқынын тежеуге әрі елдегі эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыруға ықпал етті", - деді министр.

 
Бұдан бұрын хабарланғандай, Алексей Цой қазіргі кезде Қазақстан коронавирустан "сары" аймақта тұрғанын айтты. 
 
Сондай-ақ, Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирус бойынша ағымдағы эпидемиологиялық ахуалға қатысты түсінік берді.
 

Қазіргі кезде коронавирус инфекциясын жұқтыру бойынша эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыруға қол жеткізілді. Тәулігіне 2 мыңға дейін жағдай тіркеліп отыр. Бұл өз кезегінде инфекцияның таралуына әсер етіп, 1 тамыздан бері салыстырғанда репродуктивті көрсеткіш 1,2 есеге төмендеді", - деді А. Цой Парламент Мәжілісіндегі Үкімет сағатында.

 
Оның айтуынша, КВИ бойынша эпидахуалдың тұрақтануы ауруханаға жатқызу деңгейінің төмендеуін көрсетті.
 

Еліміз бойынша инфекциялық орындар 36 пайызға, реанимациялық орындар 33 пайызға жүктелген", - деді министр.

 
Сонымен қатар, Қазақстанда вирустарды генетикалық зерттеу жүргізіліп жатыр. 
 

Министрлік вирустың елге кірген жағдайы мен мутациялық өзгеруіне мониторингті қамтамасыз ету үшін тұрақты түрде вирустарды генетикалық зерттеу жүргізіліп жатыр", - деді Алексей Цой Мәжілістегі Үкімет сағатында.

 
Оның айтуыша, 2020-2021 жылдары 1 407 сынама зерттелді. Осының нәтижесінде наурызда "британдық" Alpha штамм, "оңтүстікафрикалық" Beta штамм, маусымда "үнділік" Delta штамм, тамызда "нигериялық" Eta штамм анықталды.
 

SARS-CoV-2 вирусының түрлі нұсқаларының таралуын анықтау мен мониторингілеу жұмыстары жалғасып жатыр", - деді министр. 


 
Ақпарат көзі: inform.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны