23.05.2022, 17:19 7696

ІІМ қазақстандықтардың төлқұжаттарында чиптердің болуын түсіндірді

Министрлік өкілінің айтуынша, электрондық төлқұжат әлемнің көптеген елдерінде енгізілген.
ІІМ қазақстандықтардың төлқұжаттарында чиптердің болуын түсіндірді
Сурет: Бейнеден кадр
НҰР-СҰЛТАН. 23 МАМЫР - Еліміздің көші-қон қызметі төлқұжатта чиптің қандай мақсатпен қойылғанын түсіндірді. 
 

Көші-қон қызметі қазақстандық төлқұжаттағы чипке қатысты түсінік берді. Оған Instagram желісінде тараған видео себеп болды. Бейнежазбада паспорттағы чиптің азаматтардың жүріс-тұрысын қадағалауға арналғаны айтылады", - деді ҚР Ішкі істер министрлігінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек аталған ведомствода өткен баспасөз мәслихатында. 

 
Министрлік өкілінің айтуынша, электрондық төлқұжат әлемнің көптеген елдерінде енгізілген. 
 

Қазақстанда микросхемасы бар төлқұжаттар мен жеке куәліктер 2009 жылдан бастап шығарылады. Ондағы чип азамат туралы жеке деректерді сақтауға арналған және жеке тұлғаны анықтауға мүмкіндік береді. Чипі бар төлқұжат Қазақстан азаматтарының электронды жүйелері арқылы шекара бекетінен өтуін және паспорт-визалық бақылауды жеңілдету үшін енгізілген", - дейді ол. 

 
Сондай-ақ, брифингте төлқұжаттағы чип азамат шекарадан өткен кезде ғана арнайы құрылғының көмегімен тексерілетіні айтылды.
 
Ақпарат көзі: inform.kz 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны