24.08.2021, 15:36 8761

Премьер-министр Ashyq қатысушылары үшін демалыс күндері шектеу шараларын жеңілдету мәселесін қарастыруды тапсырды

НҰР-СҰЛТАН. 24 ТАМЫЗ - ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында елдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай қаралды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Премьер-Министр Ведомствоаралық комиссияға эпидемиологиялық жағдай жақсарып келе жатқан өңірлердегі "Ashyq" жүйесіне қатысатын бизнес субъектілері үшін демалыс күндері шектеу шараларын жеңілдету мәселесін қарастыруды тапсырды", - деп хабарлады ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі.

 
Сондай-ақ, Үкімет басшысы вакцина салдыру науқанын күшейту қажет екенін атап өтті.
 
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстандағы санитарлық-эпидемиологиялық ахуалдың жақсарып келе жатқанын, сырқаттанушылық деңгейі біртіндеп төмендей бастағанын атап өтті. 
 
Алдыңғы аптада вирустың репродуктивті индексі 1-ден төмен болды және қазір 0,93 құрайды. Инфекциялық төсек-орындар 49%, реанимациялық төсектер 46% толы. 
 
Бүгінгі таңда 6,5 млн жуық адам вакцинаның бірінші компонентін, 5 млн-нан астам адам екінші компонентін алды.
 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны