ҚР 11 қазанға арналған эпидемиологиялық жағдай: коронавирус пен пневмониядан 33 науқас қайтыс болды
Қазақстанда өткен тәулікте 1 717 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Аймақтар бойынша:
Нұр-Сұлтан қаласында – 280;
Алматы қаласында – 326;
Шымкент қаласында – 28;
Ақмола облысында – 112;
Ақтөбе облысында – 46;
Алматы облысында – 120;
Атырау облысында – 39;
ШҚО-да – 99;
Жамбыл облысында – 16;
БҚО-да – 45;
Қарағанды облысында – 149;
Қостанай облысында – 96;
Қызылорда облысында – 14;
Маңғыстау облысында – 14;
Павлодар облысында – 163;
СҚО-да – 141;
Түркістан облысында - 29.
Қазақстанда бір тәулік ішінде 1 444 адам коронавирустық инфекциядан сауығып кетті. Жалпы, елде CОVID-19-дан 847 456 адам жазылып кетті, деп хабарлайды CОVID-19 таратпау жөніндегі ВАК.
11 қазанға КВИ-ден 53 751 адам (46 626 КВИ+ және 7 125 КВИ -) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде:
- стационарларда 9 653 пациент бар;
- амбулаториялық деңгейде - 44 098 пациент.
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде:
- ауыр халде – 696 пациент,
- аса ауыр халде – 194 пациент,
- ӨЖЖ аппаратында – 127 пациент бар.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда 2020 жылдың 13 наурызынан 2021 жылдың 10 қазанға дейін коронавирустық инфекцияға оң ПТР-тесті бар коронавирустан 11 559 өлім жағдайы тіркелген. 9 қазан күні КВИ-ден 29 адам қайтыс болды.
9 қазан күні коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 42 жағдайы тіркелді, 4 адам қайтыс болды және 112 адам сауығып кетті. 2020 жылғы 13 наурыздан бастап барлығы тіркелді: ауру – 77 247, өлім – 4 914, сауыққандар – 65 208.
Қазақстанда 2021 жылғы 10 қазанға I компонентпен 7 859 131 адам вакцинацияланды, II компонентпен 6 901 313 адам вакцинацияланды.
"Қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Павлодар, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстары.
"Сары" аймақта: Алматы, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары.
"Жасыл" аймақта: Шымкент қ., Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау, Атырау, Қызылорда облыстары.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.