15.12.2021, 19:05 130406

ҚР 15 желтоқсанға арналған эпидемиологиялық жағдай: бір тәулік ішінде 488 жаңа COVID-19 жағдайы тіркелді

ҚР 15 желтоқсанға арналған эпидемиологиялық жағдай: бір тәулік ішінде 488 жаңа COVID-19 жағдайы тіркелді
Сурет: yakutia.info
НҰР-СҰЛТАН. 15 ЖЕЛТОҚСАН - 2021 жылғы 14 желтоқсан 23.59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша Қазақстанда коронавирустық инфекцияның 980 860 жағдайы расталды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY. 
 
Қазақстанда өткен тәулікте 488 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Аймақтар бойынша:
 
Нұр-Сұлтан қаласында - 62, 
 
Алматы қаласында - 38, 
 
Шымкент қаласында - 5, 
 
Ақмола облысында - 58, 
 
Ақтөбе облысында - 5, 
 
Алматы облысында - 17, 
 
Атырау облысында - 6, 
 
ШҚО-да - 20, 
 
Жамбыл облысында - 1, 
 
БҚО-да - 10, 
 
Қарағанды облысында - 74, 
 
Қостанай облысында - 38, 
 
Қызылорда облысында - 5, 
 
Маңғыстау облысында - 9, 
 
Павлодар облысында - 65, 
 
СҚО-да - 73, 
 
Түркістан облысында - 2.
 
Қазақстанда бір тәулік ішінде 921 адам коронавирустық инфекциядан сауығып кетті. Жалпы, елде CОVID-19-дан 950 318 адам жазылып кетті, деп хабарлайды CОVID-19 таратпау жөніндегі ВАК. 
 
15 желтоқсанға КВИ-ден 20 376 адам (17 655 КВИ+ және 2 721 КВИ -) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде: 
 
- стационарларда 3 786 пациент бар; 
 
- амбулаториялық деңгейде - 16 590 пациент. 
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде: 
 
- ауыр халде – 308 пациент, 
 
- аса ауыр халде – 80 пациент, 
 
- ӨЖЖ аппаратында – 65 пациент бар. 
 
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, 2020 жылдың 13 наурызынан 2021 жылдың 14 желтоқсанына дейін ПТР оң тестімен коронавирустан 12 887 өлім тіркелді. 13 желтоқсанда КВИ-ден 11 адам қайтыс болды. 
 
2021 жылдың 13 желтоқсанында коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 68 жағдайы тіркелді, 3 адам қайтыс болды, 103 адам сауығып кетті. 2020 жылғы 13 наурыздан бастап барлығы тіркелді: ауру – 83 505, өлім – 5 191, сауыққандар – 75 593. 
 
Қазақстанда 2021 жылғы 14 желтоқсанда I компонентпен 8 875 273 адам вакцинацияланды, II компонентпен 8 323 469 адам вакцинацияланды. 
 
Pfizer вакцинасының I дозамен егілді: жасөспірімдер - 155 305, жүкті әйелдер - 11 579, бала емізетін әйелдер - 28 199. II дозамен: жасөспірімдер - 18 524, жүкті әйелдер - 1 828, бала емізетін әйелдер - 4 339. 
 
"Сары" аймақта: Ақмола, Павлодар, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары. 
 
"Жасыл" аймақта: Нұр-Сұлтан қ., Алматы қ., Шымкент қ., Атырау, Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Қарағанды, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстары. 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны