ҚР 8 ақпанға арналған эпидемиологиялық жағдай: COVID-19 науқастарының саны азаюда
Сурет: Depositphotos
Қазақстанда өткен тәулікте 2 004 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Аймақтар бойынша:
Нұр-Сұлтанда - 186;
Алматыда - 445;
Шымкентте - 23;
Ақмола облысында - 118;
Ақтөбе облысында - 32;
Алматы облысында - 127;
Атырау облысында - 23;
ШҚО-да - 103;
Жамбыл облысында - 13;
БҚО-да - 43;
Қарағанды облысында - 209;
Қостанай облысында - 175;
Қызылорда облысында - 9;
Маңғыстау облысында - 15;
Павлодар облысында - 250;
СҚО-да - 231;
Түркістан облысында - 2.
Қазақстанда бір тәулік ішінде 9 867 адам коронавирустық инфекциядан сауығып кетті. Жалпы, елде CОVID-19-дан 1 176 775 адам жазылып кетті, деп хабарлайды CОVID-19 таратпау жөніндегі ВАК.
8 ақпанға КВИ-ден 87 637 адам (86 455 КВИ+ және 1 182 КВИ -) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде:
- стационарларда - 9 647 пациент бар;
- амбулаториялық деңгейде - 77 990 пациент.
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде:
- ауыр халде – 437 пациент,
- аса ауыр халде – 171 пациент,
- ӨЖЖ аппаратында – 11 пациент бар.
Денсаулық сақтау министрлігінің деректері бойынша, 2020 жылғы 13 наурыздан бастап 2022 жылғы 7 ақпанға дейін ҚР-да КВИ-ден 13 381 өлім жағдайы тіркелген. 6 ақпанда КВИ-ден 9 адам қайтыс болды.
2022 жылдың 6 ақпанда коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 15 жағдайы тіркелді, 3 адам қайтыс болды, 18 адам сауығып кетті. 2020 жылғы 13 наурыздан бастап барлығы: ауру - 87 071, өлім - 5 288, сауыққандар - 80 598.
Қазақстанда 2022 жылғы 7 ақпанда I компонентпен 9 251 891 адам вакцинацияланды, II компонентпен 8 822 430 адам вакцинацияланды.
"Қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан қ., Алматы қ., Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары.
"Сары" аймақта: Атырау, Жамбыл облыстары.
"Жасыл" аймақта: Шымкент қ., Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан облыстары.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.