24.08.2021, 15:25 8535

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдайдың болжамын жаңартты

НҰР-СҰЛТАН. 24 ТАМЫЗ - ҚР Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдайдың болжамын қараша айына дейін жаңартты, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Алдағы айлардағы эпидемиологиялық жағдайдың болжамдарына келер болсақ, пессимистік сценарий бойынша қыркүйек айында тіркелетін жағдайлардың орташа тәуліктік саны 6 300-ге дейін, қазан айында 2 400-ге дейін жетеді. Реалистік сценарий бойынша қыркүйек айында 5 300-ге дейін, қазан айында 1 800-ге дейін вирусты жұқтыру жағдайы тіркеледі. Оптимистік сценарий орындалса, қыркүйекте тәулігіне 4 200 жағдайға дейін, қазанда 1 300 жағдайға дейін тіркеледі", - деді Үкімет отырысы барысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой.

 
2021 жылғы 23 тамызға 23.59-дағы жағдай бойынша Қазақстанда ПТР-тестінің оң нәтижесі бар коронавирустың 748 851 жағдайы расталды. 2020 жылдың 13 наурызынан бастап коронавирустық инфекция белгілері бар пневмониямен ауыратын 67 870 адам тіркелді.
 

Емдеу мекемелерінде инфекциялық төсек-орындар бүгінгі күні 49%, реанимациялық төсектер 46% толы. Соңғы екі аптада инфекциялық төсектердің жүктемесі 12%-ға төмендеді. Инфекциялық төсек-орындар көбіне Ақтөбе облысында – 68%, Алматы қаласында – 61% және Алматы облысында – 59% қолданылуда", - деді Денсаулық сақтау министрі.

 
Ол бүгінгі таңда 6,5 млн жуық адам вакцинаның бірінші компонентін, 5 млн-нан астам адам екінші компонентін алғанын атап өтті.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны