27.04.2023, 12:46 58776

Жеңіс күніне Алматыда ҰОС ардагерлері қанша алады

Жеңіс күніне Алматыда ҰОС ардагерлері қанша алады
Соңғы мәлімет бойынша, Алматыда 58 ардагер тұрады

Алматы. 27 сәуір. KAZAKHSTAN TODAY - Алатау ауданының тұрғындарымен кездесу барысында Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев мегаполисте Жеңіс күніне орай Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне 1,5 млн теңге төлеу жоспарланып отырғанын мәлімдеді, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Ведомствоның мәліметінше, төлем Ауған соғысы жауынгерлері мен тыл еңбеккерлеріне де беріледі.

9 мамыр - бәріміз үшін қасиетті мереке. Өкінішке қарай, ардагерлеріміз жыл сайын азайып келеді. Соңғы мәлімет бойынша, Алматыда 58 ардагер тұрады. Олар мерекені аман-есен қарсы алса екен деймін, біз жыл сайын құттықтаймыз. Әрбір ҰОС ардагеріне миллион теңгеден төлеуді жоспарладық. Ертең мәслихат отырысы өтеді, мен депутаттардан оларға 1,5 млн теңгеден төлеу үшін тағы 500 мың қосуды сұраймын", - деді қала әкімі.


9 мамырда дәстүрлі түрде 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақта гүл шоқтары қойылады, мерекелік концерт өтеді. Ардагерлер қаланың барлық аудандарында да құрметке ие болады.

Қала әкімі атап өткендей, мерекеге өзі қатыса алмайтын ардагерлерге жеке көңіл бөлінеді. Аудан әкімдері әрқайсысына барып, Жеңіс күнімен құттықтайды.

Бұған дейін Мәжіліс кулуарында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова 9 мамырға қарай тірі қалған 237 Ұлы Отан соғысы ардагерінің әрқайсысына кемінде 1,5 миллион теңгеден берілетінін айтқан болатын.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы Ұлы Отан соғысының әрбір ардагеріне 1 миллион теңгеден төленген болатын.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны