27.12.2022, 11:10 23246

2023 жылы қандай маңызды заңдар қабылданады

2023 жылға арналған жоспарға 24 заң жобасы кіреді
2023 жылы қандай маңызды заңдар қабылданады
Сурет: Depositphotos
Астана. 27 желтоқсан. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстан Республикасының Үкіметі Заң жобалау жұмыстарының 2023 жылға арналған жоспарын мақұлдады, деп хабарлайды ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі.

2023 жылға арналған жоспарға 24 заң жобасы кіреді. Олардың ішінде әзірленіп жатқан Су кодексі, "Адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы", "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" және "Аквадақыл туралы" заң жобалары ерекше маңызға ие", - деп түйіндеді Әлихан Смайылов.


Бұл ретте ол заң жобаларының сапалы, уақытылы әзірленуі мен ұсынылуына мемлекеттік органдардың бірінші басшылары өздері жауапты болатынын атап өтті.

Министрлер кабинетінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2022 жылы 22 заң жобасының төртеуіне Мемлекет басшысы қол қойды, тоғызы Парламенттің, тағы тоғызы Үкіметтің қарауында. Үкіметтің қарауындағы заң жобаларын желтоқсан айының соңына дейін Парламентке енгізу жоспарланып отыр.

Осылайша, осы жылдың жоспары толық көлемде орындалмақ.

Премьер-Министр биыл конституциялық реформа мен Президенттің сайлауалды бағдарламасы аясындағы бастамаларды іске асыру бойынша жұмыстар жүргізілгенін атап өтті. Алдағы жылы да бұл реформалар жалғасын таппақ.

Сонымен қатар, Үкімет басшысының айтуынша, әзірленіп жатқан заң жобаларының тізбесіне уақытылы енгізу үшін Мемлекет басшысының заңнамалық тапсырмаларына тұрақты негізде мониторинг жүргізіп отыру қажет.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда "төтенше" заң жобаларын қабылдау жеделдетіледі. Парламент регламентке тиісті түзетулерді мақұлдады. Түзетулер халықтың өмірі мен денсаулығына, конституциялық құрылысқа, қоғамдық тәртіпті қорғауға, елдің экономикалық қауіпсіздігіне қатер төндіретін жағдайларға жедел ден қою мақсатында Үкіметтің Парламентке енгізген заң жобаларын дереу қарауға қатысты.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны