26.05.2021, 19:56 9966

Мәжіліс Еңбек кодексіне қашықтықтан жұмыс істеу мәселелері бойынша түзетулерді мақұлдады

НҰР-СҰЛТАН. 26 МАМЫР - Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар Еңбек кодексіне қашықтықтан жұмыс істеуді құқықтық реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша түзетулерді екінші оқылымда мақұлдады.
 
Заң жобасында "қашықтықтан жұмыс істеу" және "аралас қашықтықтан жұмыс істеу" ұғымдарын енгізу ұсынылады, қызметтік міндеттерін еңбек шартын жасаспай жүзеге асыратын жұмыскерлерді (мемлекеттік қызметшілер, әскери қызметшілер, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлері) қашықтықтан жұмыс істеуге жіберу тәртібі регламенттеледі, қызметтің ерекшелігін ескере отырып, қашықтықтан және әдеттегі жұмыс ұштастырылатын аралас жұмыс режимін пайдалану мүмкіндігі енгізіледі.
 

Бұдан басқа, жеке еңбек шартында қашықтықтан жұмыс нысаны кезінде жұмыс уақытының тіркелген есебін белгілеу бойынша нормаларды бекіту ұсынылады, осы уақыт ішінде қызметкер жұмыс берушімен байланыс үшін қолжетімділік режимінде болуы тиіс, сондай-ақ тараптардың келісімі бойынша икемді жұмыс уақыты режимін қолдану мүмкіндігін енгізу қажет", - деп хабарлайды Kazpravda.kz.

 
Депутаттардың түзетулері жұмыс берушінің актісіне сәйкес жабдықты, бағдарламалық-техникалық құралдарды, коммуникация құралдарын (байланыс құралдарын), байланыс қызметтерін, ақпаратты қорғау құралдарын және өзге де құралдарды қоса алғанда, еңбек функцияларын қашықтықтан орындайтын жұмыскерге жұмыс беруші беретін құралдардың тізбесін нақтылауды, сондай-ақ қашықтықтан жұмыс істеу орнын нақтылауды қамтиды.

Ақпарат көзі: kazpravda.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны