06.06.2022, 14:46 14871

Қолданылған пластик ыдыстарды Қазақстаннан шығаруға уақытша тыйым салынды

Тыйым салу отандық полимер өнімін өңдеушілерді қолжетімді шикізатпен өндіріс көлемін ұлғайту және ішкі нарықта құнын төмендету мақсатында енгізілген.
Қолданылған пластик ыдыстарды Қазақстаннан шығаруға уақытша тыйым салынды
Сурет: Depositphotos
НҰР-СҰЛТАН. 6 МАУСЫМ - Қазақстанда 14 маусымнан бастап пластик ыдыстар мен қалдықтарды елден шығаруға алты айлық тыйым салынады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік Кірістер Комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Тиісті бұйрыққа Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушы қол қойды.
 

Қазақстан Республикасының аумағынан сыйымдылығы 2 л-ден аспайтын өзге де бөтелкелерді, бөтелкелерді, сауыттар және ұқсас бұйымдарды; сыйымдылығы 2 л-ден асатын өзге де бөтелкелерді, бөтелкелерді, сауыттар және ұқсас бұйымдарды; пропилен пластмассаларынан жасалған қалдықтарды, кесінділерді және сынықтарды алты ай мерзімге әкетуге тыйым салынады", - делінген бұйрық мәтінінде.

 
Тыйым салу отандық полимер өнімін өңдеушілерді қолжетімді шикізатпен, яғни ПЭТ (полиэтилентерефталат) қалдықтармен қамтамасыз ету мақсатында, өндіріс көлемін ұлғайту және ішкі нарықта құнын төмендету мақсатында енгізілген.
 

Бұйрық қолданысқа енгізілген күнге дейін ҚР және ЕАЭО кедендік заңнамасына сәйкес экспорттың кедендік рәсімі бойынша орналастырылған және шығарылған тауарлар Қазақстан Республикасының аумағынан кедергісіз әкетуге жатады", - деп хабарлады МКК.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны