08.12.2022, 09:51 12691

Майнерлер электр энергиясына және өндірілген криптовалютаға салық төлейтін болады

Мәжіліс майнерлер қандай салық төлеуге міндетті болатынын анықтайтын заң жобаларын мақұлдады
Майнерлер электр энергиясына және өндірілген криптовалютаға салық төлейтін болады
Астана. 8 желтоқсан. KAZAKHSTAN TODAY - Бұдан былай елімізде цифрлық майнерлер табыс салығын төлеуге міндеттеледі. Мәжілісмендер цифрлық активтер нарығын реттейтін құжатты екінші оқылымда мақұлдады.

Депутаттар енгізген түзетулерге сәйкес, майнерлер электр энергиясын бірыңғай энергетикалық жүйеден сатып ала алады. Ол үшін нақты баға шектеуі жоқ және сауда-саттық тек нарық тетіктеімен жүргізіледі.

Мәжілісмендер майнерлер тұтынатын электр энергиясы көздерінің тізімін нақтылады. Лицензия тек екі санатқа беріледі. Осылайша майнинг-пулдар да экономиканың бір бөлігіне айналады деп отыр депутаттар. Майнерлер мен майнинг-пулдардың қызметін цифрлық даму министрлігі реттейді және лицензиялайды. Ал криптовалютаға қатысты шектеулер "Астана" Халықаралық қаржы орталығының құзіретінде.

Қазақстанда криптовалюта төлем құралы болып саналмайды, оның айналымына тыйым салынған.

Майнингті және оның өнімін реттеуге тоқталсам, майнингті лицензиялау екі санатпен жүргізіледі. Бірінші - тиісті инфрақұрылымы бар цифрлық майнерлер. Екінші - деректерді өңдеу орталықтарында орынды жалға алатын және энергия квотасын талап етпейтін цифрлық майнерлер. Заң жобасы міндетті аккредиттеуден басқа, майнингпулдар үшін жекелей талап енгізіледі", - деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Екатерина Смышляева.


Бұған дейін Қазақстанда цифрлық майнинг үшін төлемақы мөлшерлемелерін өзгертіп жатқаны хабарланған болатын.

Ақпарат көзі: ktk.kz 
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны