19.11.2024, 12:14 3761

Алматы облысының елді мекендерінде газ уақытша өшіріледі

Алматы облысының елді мекендерінде газ уақытша өшіріледі
ТЭЦ-3-ке жаңа газ құбырын қосу бойынша жұмыстар жүргізілуіне байланысты Алматы облысының бірқатар елдімекендеріне газ беру уақытша тоқтатылады, деп хабарлайды "QazaqGaz Aimaq" АҚ баспасөз қызметінен.

 "QazaqGaz Aimaq" АҚ-ның Алматы өндірістік филиалы 2024 жылдың 19 қарашасында ТЭЦ-3-ке дейін тартылып жатқан жаңа газ құбырын қосу жұмыстары жүргізілетіні туралы хабарлайды.

Соған орай, Алматы облысы Іле ауданының келесі елдімекендеріндегі 4449 абонентке көгілдір отын беру уақытша тоқтатылады:

Коктерек ауылы

Энергетик" саяжай-кооперативі


Байсерке ауылы

Проектировщик" саяжай-кооперативі


Надежда" саяжай-кооперативі.


Тұрғындар үшін маңызды ақпарат

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін аталмыш елдімекен тұрғындарынан:

жұмыстар аяқталғанға дейін газ шүмектерін жауып қоюды;

QazaqGaz Aimaq" АҚ Алматы өндірістік филиалы мамандары іске қосу шараларын толық аяқтамайынша газ шүмектерін ашпауды сұрайды.


QazaqGaz Aimaq" АҚ аталмыш жұмыстардың мегаполистің экологиялық ахуалын жақсарту мақсатында ТЭЦ-3-тің табиғи газға көшірілуіне байланысты жүргізіліп жатқан кешенді жұмыстар екенін хабарлайды.


Сұрақтарыңыз болса, 104 нөмірі бойынша газ қызметіне хабарласа аласыз.

Уақытша келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және тұтынушылар тарапынан түсіністікке сенім артамыз. Барлық жұмыстар газ желілерін қауіпсіздікпен және тұрақтылықпен қамтамасыз етуге бағытталған.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны