19.11.2024, 11:31 2611
Үкімет жалпыға бірдей декларацияның соңғы кезеңінің күшін жоюды қолдады
Достарға айту
Премьер-министрдің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Мемлекет басшысының Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің бірінші форумында берген тапсырмалары аясында жеке тұлғалардың кірістері мен мүлкін жалпыға бірдей декларациялау мәселесі қаралды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Қаржы министрі Мәди Такиев бүгінде алғашқы үш кезеңде жалпыға бірдей декларациялау жүйесіне 4,8 млн адам, оның ішінде мемлекеттік қызметшілер, коммерциялық ұйымдар, квазимемлекеттік сектор басшылары мен құрылтайшылары және олардың жұбайлары енгенін хабарлады.
Қалған санаттағы азаматтардың (жеке құрылымдар қызметкерлері, зейнеткерлер, үй шаруасындағы әйелдер, студенттер және басқа да тұлғалар) 8 млн-ға жуық адамның декларация тапсыру міндеттеріне қатысты қаржы министрі деректер базасын цифрландыруды және қолма-қол ақшасыз төлемдерді дамытуды ескере отырып, аталған санаттағы азаматтарды активтері мен міндеттемелері туралы декларациялар тапсырудан босатуды ұсынды.
Босату осы санаттағы жеке тұлғалардың 90%-дан астамына әсер етеді. Декларациялауды келесі санаттағы тұлғалар үшін сақтау ұсынылады: ҚР тысқары жерлерде активтері бар; бір жыл ішінде құны 20 мың АЕК (74 млн теңге) астам сомаға сатып алулар жасаған; дербес салық салынатын табыс алған.
Азаматтарға ерікті түрде декларациялау құқығы берілетінін атап өткен жөн.
Премьер-министр Олжас Бектенов аталған ұсынысты қолдап, Қаржы, Ұлттық экономика және Әділет министрліктеріне үш күн ішінде заңнамаға қажетті түзетулер дайындауды және оларды Парламенттің қарауына енгізуді тапсырды.
Қазір декларацияны 4 млн-нан астам адам тапсырады. Олардың арасында мемлекеттік қызметшілер, квазимемлекеттік сектор мен бизнес өкілдері бар. 2025 жылы барлық қалған санаттағы азаматтар декларация тапсырады деп жоспарланған болатын. Бұған халық алаңдаушылық білдірді, сондықтан аталған мәселеге Мемлекет басшысы өзінің назарын аударды. Бүгінгі таңда мемлекеттік органдардың деректер базасы барынша цифрландырылған. Қаржылық және валюталық бақылау күшейтілді. Халықаралық келісімдер шеңберінде шоттар бойынша деректер алмасу жолға қойылды. Цифрлық қызметтер кең таралған. Сондықтан жалпы алғанда, жеке тұлғалардың активтері бойынша барлық ақпарат бар. Қаржы, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктері тіркеу және салықтық бақылау үшін барлық цифрлық базалардан, оның ішінде екінші деңгейлі банктерден мәліметтер алуды қамтамасыз еткені жөн. Сондықтан мен 2025 жылы азаматтардың қалған санаттарын активтер туралы декларацияларды міндетті түрде тапсырудан босату туралы қаржы министрінің ұсынысын қолдаймын", - деп атап өтті Премьер-министр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
19.11.2024, 12:59 1446
Елімізде қазан айында 21 мыңнан астам жаңа автомобиль сатылды
Достарға айту
ҚР СЖжРА Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша Қазақстандағы автомобиль өнеркәсібінің өндіріс көлемі ағымдағы жылдың үш тоқсанында 1,2 трлн теңгені құрады, бұл 2023 жылдың дәл осындай кезеңімен салыстырғанда, 8,5%-ға аз. Шығарылым көлемінің біршама төмендеуіне қарамастан, автоөнеркәсіп әлі де Қазақстанда машина жасаудың негізгі драйвері болып қала бермек. Мәселен, 2024 жылдың қаңтар-қыркүйек аралығында автокөлік құралдарын өндіру үлесі машина жасау саласының 39,4%-ын (және еліміздің барлық өңдеу өнеркәсібінің 7%-ын) құрады, деп хабарлайды energyprom.kz.
Өңірлер арасында автомобиль жасау саласында көлік шығару көлемінің жартысынан астамы Allur ("СарыАрқаАвтопром") автозауыты орналасқан Қостанай облысына ғана тиесілі болды: 633,8 млрд теңге. Сонымен қатар, ондағы автоөнеркәсіптің үлесі машина жасаудың 84,7%-ына және өңірдегі өңдеу өнеркәсібінің барлық көлемінің бірден 46,2%-ына жетті, яғни, автомобиль индустриясы - облыс экономикасының жетекші және айқындаушы драйвері.
Өндіріс көлемі бойынша келесі орынға Hyundai Trans Kazakhstan және Hyundai Trans Auto автозауыттарымен Алматы қаласы жайғасты: 359 млрд теңге. Ал автоөнеркәсіптің үлесі қаладағы машина жасаудың 69,9%-ын, ал өңдеу өнеркәсібінің 29,4%-ын құрады.
Қалған өңірлерге автомобильдер, тіркемелер мен жартылай тіркемелер өндірісінің жалпы көлемінің 17,3%-ы тиесілі: 208,3 млрд теңге.
Ағымдағы жылдың үш тоқсанында 92,2 мың автокөлік құралы өндірілді, бұл 2023 жылдың дәл осындай кезеңімен салыстырғанда, 15,8%-ға аз.
Барлық өндірістің 90%-ын дәстүрлі түрде жеңіл жолаушылар автомобильдері құрады: 82,9 мың көлік. Жүк автомобильдері 5,9 мың бірлікті, автобустар 1,8 мың бірлікті, тіркемелер мен жартылай тіркемелер 1,2 мың бірлікті құрады. Сондай-ақ 386 арнайы және мамандандырылған автомобильдер шығарылды.
Профильдік Қазақстан автомобиль қауымдастығының деректеріне сәйкес 2024 жылдың қаңтар-қазан айлары аралығында елімізде 104,9 мың автокөлік құралы өндірілді, оның 62,9%-ы Қостанайдағы бір ғана автомобиль зауыты Allur-ге тиесілі. Салыстырып қарасақ, өткен жылдың дәл осындай кезеңінде Allur үлесі 61%-ды құрады, ал 2019 жылдың қорытындысы бойынша бүкіл автоөнеркәсіп саласының жартысынан көп пайызды, 2016 жылы 22%-ды құрады.
Келесі орындарда - нарықтағы үлес салмағы 30,5%-бен Hyundai Trans Kazakhstan және 3,6% үлеспен СемАЗ. Қалған автозауыттардың өндірісі автокөлік құралдарының барлық өндірісінің тек 3%-ын ғана құрады.
Қазақстанда жаңа жеңіл және коммерциялық автомобильдердің сатылымы ағымдағы жылдың қазан айының қорытындысы бойынша 21,5 мың бірлікке жетті, бұл өткен аймен салыстырғанда, 20,1%-ға және 2023 жылдың қазан айымен салыстырғанда, 18,3%-ға артық. Айта кетерлігі, қазан айындағы сату көлемі биылғы жылдың ең үлкен сату көлемі болды.
Дистрибьюторлар тұрғысынан, қазан айында жаңа автомобильдердің жартысынан көбі тек Allur-да сатылды: 50,7% немесе 10,9 мың автокөлік, бұл - 2024 жылы ҚР дилерлері арасында абсолютті мән бойынша, сондай-ақ нарықтағы үлес салмағы бойынша да ай сайынғы сатылым бойынша рекордтық көрсеткіш. Келесі орынға Astana Motors орналасты: 31,9% немесе 6,9 мың жаңа автомобиль сатылды. Басқа дистрибьюторлар жалпы нарықтың 17,4%-ын құрады.
Ағымдағы жылдың қазан айында сатылымы бойынша автомобиль брендтерінің арасында Chevrolet көш бастап тұр: 6,3 мың автомобиль. Одан кейін - Hyundai (3 мың), Kia (2,4 мың), Chery (1,4 мың) және Haval (1,3 мың).
Ал модельдер бойынша қазан айында Chevrolet Cobalt абсолютті көшбасшы болды: бірден 5,9 мың көлік сатылды, бұл - бір айда бір модельді сату бойынша рекордтық көрсеткіш. Одан кейін - Hyundai Tucson (1,3 мың) және Kia Sorento (746).
Ағымдағы жылдың қаңтар-қазан айлары аралығында Қазақстанда 158,6 мың жаңа автомобиль сатылды, бұл 2023 жылдың дәл осындай кезеңімен салыстырғанда, 1,5%-ға көп. Брендтер тұрғысынан, ең көп сатылған бренд Hyundai болды: 34,2 мың көлік. Одан кейінгі орында Chevrolet (22 мың) және Kia (19,5 мың) тұр.
Модельдер тұрғысынан, сатылған жаңа автомобильдердің саны бойынша тағы да Chevrolet Cobalt көш бастап тұр: 18,2 мың автомобиль. Одан кейінгі орындарға Hyundai Tucson және Kia Sportage орналасты: 17,4 мың және 7,8 мың.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
19.11.2024, 12:48 1711
Қазақстанда жылқы шаруашылығы және жемшөп өндіру ғылыми-зерттеу институты ашылды
Достарға айту
Қазақстанда жылқы шаруашылығы және жемшөп өндіру ғылыми-зерттеу институты ашылды, деп хабарлайды ҚР АШМ баспасөз қызметінен.
15 қарашада Астана қаласында өткен ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің бірінші форумы аясында Мемлекет басшысы Үкіметке Жылқы шаруашылығы институтын құруды тапсырды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын орындау мақсатында Ақтөбе ауыл шаруашылығы тәжірибе стансасының негізінде "Қазақ жылқы шаруашылығы және жемшөп өндіру ғылыми-зерттеу институты" ЖШС құрылды. Айта кетейік, мекеме "Ұлттық ғылыми-білім беру орталығы" құрамында.
Жаңа құрылған институттың жұмысы - асыл тұқымды жылқылардың сапасын жақсартуға, жылқы шаруашылығын белсенді дамытуға, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге және отандық тұқымды сыртқы нарыққа шығаруға бағытталған. Алдағы бес жылда асыл тұқымды жылқы санын 6-7 пайызға арттыру көзделіп отыр.
Жергілікті қостанай, адай және соғымға арналған мұғалжар, жәбе, күшім генотиптерін көбейту үшін селлекциялық және асылдандыру бағытында жұмыстар белсенді жүргізілмек. Ол үшін жылқылардың әртүрлі генетикалық топтары туралы ақпаратты сақтайтын деректер қорын және ұрықтар мен эмбриондар банкі құрылмақ. Сондай-ақ, биелерді қолдан ұрықтандыру зертханалық пунктін салып, арнайы жылқы өсіруші мамандарын дайындау жоспарланып отыр. Арнайы жылқы ветеринарлық клиникасын ашу арқылыветеринариялық қызмет көрсету деңгейінің сапасы жақсарады - дейді мамандар.
2035 жылға дейін жылқы шаруашылығында ғылыми зерттеулердің басым бағыттарының бірі отандық популяциядағы жылқылардың генетикалық әлеуетін селекциялық, технологиялық әдістермен арттырып, Қазақстанның әртүрлі өңірлерінің тауар шаруашылықтарына кеңінен енгізу. Мұның бәрі өсірілетін тұқымдардың өнімділігінің 20-25%-ға өсуін қамтамасыз етеді.
Белгіленген жоспарларды іске асырудың негізгі шарттарының бірі шетелдік ғылыми-зерттеу орталықтарымен, университеттермен және халықаралық стандартқа сай зертханаларымен бірлесе жұмыс істеу. Бірлескен ғылыми-техникалық бағдарламаларды іске асыру және шетелдік әріптестермен ақпарат алмасу арқылы еліміздің жылқы шаруашылығына озық тәжірибелерді енгізуге және оны халықаралық аренада бәсекеге қабілетті етуге мүмкіндік бар.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
19.11.2024, 12:14 1666
Алматы облысының елді мекендерінде газ уақытша өшіріледі
Достарға айту
ТЭЦ-3-ке жаңа газ құбырын қосу бойынша жұмыстар жүргізілуіне байланысты Алматы облысының бірқатар елдімекендеріне газ беру уақытша тоқтатылады, деп хабарлайды "QazaqGaz Aimaq" АҚ баспасөз қызметінен.
"QazaqGaz Aimaq" АҚ-ның Алматы өндірістік филиалы 2024 жылдың 19 қарашасында ТЭЦ-3-ке дейін тартылып жатқан жаңа газ құбырын қосу жұмыстары жүргізілетіні туралы хабарлайды.
Соған орай, Алматы облысы Іле ауданының келесі елдімекендеріндегі 4449 абонентке көгілдір отын беру уақытша тоқтатылады:
Коктерек ауылы
Энергетик" саяжай-кооперативі
Байсерке ауылы
Проектировщик" саяжай-кооперативі
Надежда" саяжай-кооперативі.
Тұрғындар үшін маңызды ақпарат
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін аталмыш елдімекен тұрғындарынан:
жұмыстар аяқталғанға дейін газ шүмектерін жауып қоюды;
QazaqGaz Aimaq" АҚ Алматы өндірістік филиалы мамандары іске қосу шараларын толық аяқтамайынша газ шүмектерін ашпауды сұрайды.
QazaqGaz Aimaq" АҚ аталмыш жұмыстардың мегаполистің экологиялық ахуалын жақсарту мақсатында ТЭЦ-3-тің табиғи газға көшірілуіне байланысты жүргізіліп жатқан кешенді жұмыстар екенін хабарлайды.
Сұрақтарыңыз болса, 104 нөмірі бойынша газ қызметіне хабарласа аласыз.
Уақытша келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және тұтынушылар тарапынан түсіністікке сенім артамыз. Барлық жұмыстар газ желілерін қауіпсіздікпен және тұрақтылықпен қамтамасыз етуге бағытталған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
18.11.2024, 14:47 22901
Jibek joly туристік пойызы теміржол туризмінің жаңа көкжиегін ашты
Достарға айту
Jibek joly туристік пойызы теміржол туризмінің жаңа көкжиегін ашты, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметінен.
Jibek joly туристік пойызы "Алматы-Түркістан-Ташкент-Алматы" бағыты бойынша алғашқы сапарын сәтті бастады. Биыл алғаш рет іске қосылған тур 5 күнге жоспарланған. Осы уақыт аралығында жолаушылар жайлы сапардан бөлек, Қазақстан мен Өзбекстанның мәдени-тарихи орталығы саналатын Түркістан мен Ташкент қалаларында болады.
Туристік пойыздың құрамына бұрын басқа маршруттарда пайдаланылмаған, Қазақстанда өндірілген су жаңа бес заманауи вагон кіреді. Пойыз экипажының құрамында басшы, сегіз тәжірибелі жолсерік және электромеханик бар.
Пойыздың сыртқы көрінісінде мемлекеттік Тудың суреті бейнеленсе, ішкі дизайны қазақы қонақжайлылықтың атмосферасын көрсетеді. Яғни, ұлттық ою-өрнектері бар алтын түстес төсек-орын вагонға ерекше сипат беріп, дәстүрлі стильде безендірілген вагон-ресторан ұлттық және еуропалық тағамдардың түрлі мәзірін ұсынады.
Біз алғаш рет Алматы-Түркістан-Ташкент-Алматы бағыты бойынша туристік пойызбен саяхатқа шықтық. Сапар аясында бір күн Түркістанда, екі күн Ташкентте боламыз. Бұл туристік пойыз теміржол туризмінің және жалпы еліміздің туристік әлеуетінің қаншалықты қарқынды дамып келе жатқанын көрсетеді", - деп атап өтті жолаушы.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
18.11.2024, 14:30 23486
Қазақстандықтарды шетелде жұмысқа орналастыратын жеке жұмыспен қамту агенттіктерінің қызметі бақылауға алынады
Достарға айту
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстан азаматтарының шетелдегі еңбек қызметін ұйымдастыру бойынша еңбек мобильділігі орталықтарының жеке жұмыспен қамту агенттіктерімен өзара іс-қимыл жасау қағидаларының жобасын әзірледі. Құжат жария талқылау үшін "Ашық НҚА" порталында орналастырылған.
Құжаттың негізгі мақсаты - республикадан тыс жерлерге жұмысқа шығатын қазақстандықтарды даярлауды, олардың еңбек қызметін тиімді ұйымдастыруды және шетелде еңбек құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметінен.
Қағидалар шетелде азаматтарды жұмысқа орналастыруға қатысуға үміткер жеке жұмыспен қамту агенттіктеріне қойылатын талаптарды белгілейді, сондай-ақ осы агенттіктердің еңбек ұтқырлығы орталықтарымен өзара іс-қимыл жасау тәртібін айқындайды.
Сондай-ақ жеке жұмыспен қамту агенттіктерінің шетелде жұмысқа орналасқысы келетін ізденушілерді іріктеу және оларды даярлау тәртібі регламенттеледі.
Бұдан басқа белгіленген талаптарға сәйкес келетін жеке жұмыспен қамту агенттіктерінің тізілімін құру және жүргізу көзделеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
18.11.2024, 14:24 23691
Қазақстанда 170 мыңнан астам адам құмар ойындарын ойнауға өз еркімен тыйым салды
Достарға айту
Қазақстанда 170 мыңнан астам адам құмар ойындарын ойнауға өз еркімен тыйым салды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметінен.
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитетінің мәліметіне сәйкес, құмар ойындарға қатысудан өзін шектегендер арасында ең көп үлес 31-35 жас аралығындағы азаматтарға тиесілі:
eGov mobile арқылы - 40 212 адам (жалпы санның 23,90%);
жазбаша - 836 адам (жалпы санның 36,17%).
2024 жылдың 18 наурызында басталған өзін құмар ойындардан, бәс тігуден шектеу бойынша онлайн қызметті енгізу жөніндегі министрліктің пилоттық жобасы оң нәтиже көрсетіп, құмар ойындарға қатысудың төмендеуіне ықпал етіп келеді.
Пилоттық жобаны пайдалануға енгізгеннен кейін бір айда (18.04.2024 ж.) eGov mobile арқылы 35 342 өтініш берілсе, 15.11.2024 ж. берілген өтініштердің саны 168 250 құрады.
Сонымен қатар азаматтардың дәстүрлі қағаз жүзінде өзін-өзі шектеуге өтініш беруден мобильді қосымша арқылы онлайн өтініш беруге біртіндеп көшуі байқалады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
18.11.2024, 14:17 24016
Талғар қаласы әкімінің орынбасары тағайындалды
Достарға айту
Талғар қаласы әкімінің орынбасары лауазымына Бауыржан Ынтымакович Байбатыров тағайындалды, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметінен.
Өмірбаяны:
Туған күні: 29 қазан 1987 жыл.
Білімі: Жоғары, "Орталық Азия Университеті", құқықтану мамандығы.
Жалпы мемлекеттік қызметтегі еңбек өтілі: 8 жылдан астам.
Еңбек жолы:
2014 жылы Бөлек ауылдық округінің әкімдігінде жетекші маманнан бастап, бас маман лауазымына дейін көтерілді.
2018-2020 жылдары Еңбекшіқазақ ауданы бойынша кірістер басқармасының бас маманы болды.
2023 жылдан бастап Талғар ауданы әкімінің аппараты мемлекеттік-құқықтық бөлімінің бас маманы қызметін атқарды.
Бауыржан Ынтымаковичті жаңа қызметімен құттықтаймыз! Жұмысыңызға табыс пен сәттілік тілейміз!
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
18.11.2024, 13:40 23726
Бакуде COP29 аясында "Жасыл энергетика және инновация: Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері" панельдік сессиясы өтті
Достарға айту
Баку қаласында СОР29 Энергетика күні аясында Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі "Жасыл энергетика және инновациялар: Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері" панельдік сессиясын өткізді, деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметінен.
ҚР Энергетика вице-министрі С.Есімхановтың төрағалығымен іс-шараға қатысушылар Қазақстанның жасыл энергетиканы дамыту, елдің энергетикалық балансындағы жаңартылатын энергия көздерінің, атом және сутегі энергетикасының үлесін арттыру жөніндегі мақсаттары мен перспективаларын, сондай-ақ метанның антропогендік шығарындыларын азайтуға бағытталған мемлекет қабылдайтын шараларды талқылады. Үкіметтің "жасыл қаржыландыруды" тарту үшін қабылданып жатқан шаралары талқыланды. Панельдік сессияға "Masdar", "ЕҚДБ" және "Азия даму банкі" компаниялардың өкілдері қатысты.
Бұдан басқа, ҚР Энергетика вице-министрі Қазақстанның сутегі бастамасына (Hydrogen Breakthrough Agenda)қосылуы туралы жариялады, бұл биылғы жылы қабылданған Сутегі энергетикасын дамыту тұжырымдамасын және Қазақстанның батысында "Svevind" неміс компаниясымен сутегі бойынша бірлескен жобаны іске асыру жөніндегі жоспарларды ескере отырып, елдегі сутегі энергетикасының дамуына ықпал ететін болады.
С. Есімханов жасыл энергетика саласындағы мақсаттарға қол жеткізу үшін халықаралық ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтіп, Қазақстанның тұрақты дамуға бейілділігін атап өтті.
Сондай-ақ, ҚР Энергетика вице-министрі Б.Ілиястың төрағалығымен Әзірбайжан, ЖЭК жөніндегі халықаралық агенттік (Irena), Азия Даму Банкі және АҚШ сауда министрлігі ұйымдастырған сессияларға қатысты, сессия барысында инновацияларды енгізу және "жасыл" энергетика секторына инвестициялар тарту мәселелері талқыланды. Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі энергияға өту және метан жөніндегі мақсаттарды ұйымдастыруды қолдады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
19.11.2024, 11:31Үкімет жалпыға бірдей декларацияның соңғы кезеңінің күшін жоюды қолдады 19.11.2024, 12:14 1651Алматы облысының елді мекендерінде газ уақытша өшіріледі19.11.2024, 12:48 1216Қазақстанда жылқы шаруашылығы және жемшөп өндіру ғылыми-зерттеу институты ашылды19.11.2024, 12:59 891Елімізде қазан айында 21 мыңнан астам жаңа автомобиль сатылды19.11.2024, 12:53 471Қазақстанға Түркиядан халықаралық террористік ұйымға қатысуы бар деген күдікті жеткізілді
14.11.2024, 15:50 93716ІІМ мопедтерге нөмірлік белгілердің қашан берілетінін хабарлады14.11.2024, 15:36 93591Қазақстан мен Өзбекстан арасында алғашқы теміржол туры іске қосылады14.11.2024, 15:44 93531Қала сыртындағы жолдарда қамту мақсатында "жасырын" патрульдеу енгізілді14.11.2024, 15:30 93441Қазақстан 2026 жылы Өңірлік Климаттық саммит өткізеді14.11.2024, 15:01 93241Қазақстан "Серпін" бағдарламасын іске асыру жұмысын күшейтуге ниетті
24.10.2024, 16:52 140331Татарстанда қазақтың ұлы ақыны әрі ойшылы Абай Құнанбаевтың ескерткіш-бюсті ашылды23.10.2024, 16:04 137101Алматыда автокөліктердің шығарындыларының улы заттарын өлшеуге арналған "Таза ауа" акциясы өтуде24.10.2024, 14:24 134426Елге 1,7 трлн теңгеден астам қаражат қайтарылды - Асылов23.10.2024, 21:06 130011Мемлекет басшысы Вьетнам Президенті Лыонг Кыонгты құттықтады23.10.2024, 21:00 129831Тоқаев БРИКС мемлекет басшыларының XVI Саммитіне қатысу үшін Қазанға келді