07.06.2022, 16:03 8866

Қазақстан мектептерінде ағылшын тілі үшінші сыныптан басталады

Қазақстан мектептерінде ағылшын тілі үшінші сыныптан басталады
НҰР-СҰЛТАН. 7 МАУСЫМ - Қазақстан мектептерінде балалар ағылшын тілін тек үшінші сыныптан бастап оқиды, өйткені бұл тиімдірек. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Зерттеулер мен талдаулар жүргізгеннен кейін біз бірінші сынып оқушысына бірден 3 тілді меңгеру қиын екенін көрдік. Бұл – тиімсіз. Біз бұл мәселеге қатысты шешім қабылдадық. Енді қазақ тілінде оқитын мектептерде 1-сынып оқушысы бір ғана тілді, яғни қазақ тілін меңгереді. Біз баланың алдымен өз ана тілінде оқуды және жазуды үйренуі үшін тиісті жұмыс жүргізіп жатырмыз. Екінші сыныпта бағдарламаға орыс тілі, үшінші сыныпта ағылшын тілі қосылады. Орыс тілінде оқитын мектептерде 1-сыныпта орыс тілі мен мемлекеттік тіл, ал 3-сыныптан бастап ағылшын тілі болады. Әдістеме тұрғысынан алып қарағанда, бұл – дұрыс бағыт. Мұндай зерттеулер мен ұсыныстар бұрын да болған, сол себепті оны енгізуді жоспарлап отырмыз", - деп атап өтті ҚР БҒМ басшысы.

 
Сонымен қатар, биылдан бастап "Көркем еңбек" пәнін бұрынғыдай екі түрлі пәнге бөлу жоспарланып отыр. Яғни 2016 жылға дейін болғандай "Еңбек" және "Бейнелеу өнері" деп бөлінеді. 
 
Мектептерде "Қазақ тілі мен әдебиеті" пәнін 2024 жылдан бастап бөлу бойынша дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Себебі тіл мен әдебиетті оқытатын пәндердің мақсаттары әртүрлі. 
 
Одан бөлек, казақ мектептерінде "Әлем әдебиеті" пәнін жеке оқытуға қатысты мәселе бұрыннан көтеріліп келеді. 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны