17.02.2023, 09:36 49331

Қазақстан Түркияға гуманитарлық көмек жөнелтті

Гуманитарлық көмектің жалпы көлемі 55 тонна
Астана. 17 ақпан. KAZAKHSTAN TODAY - Гуманитарлық жүк тиелген ұшақ Қазақстаннан Түркияның Газиантеп қаласына ұшты, деп хабарлады ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жойқын зілзала аймағына зардап шеккендерге көмек көрсетуге арналған шатырлар, жылытқыштар, жылы киімдер және басқа да қажетті заттар жіберілді. Гуманитарлық көмектің жалпы көлемі 55 тонна. Жүк әуе көлігімен Түркияның Газиантеп қаласына кетті", - деп хабарлады ТЖМ.


Бұған дейін, Президенттің тапсырмасы бойынша, Қазақстан Түркия Республикасына шұғыл көмек көрсетуге 1 миллион доллар бөлген болатын. Сондай-ақ, Қазақстан Түркияға жалпы саны 100 адамнан тұратын екі құтқарушы тобын жіберді.

Естеріңізге сала кетейік, Түркияның Кахраманмараш провинциясында 6 ақпанда 7,7 және 7,6 баллдық екі күшті жер сілкінісі болды. Президент Режеп Тайып Ердоғанның айтуынша, бұл 1939 жылдан бергі ең күшті жер сілкінісі болды.

Соңғы мәліметтер бойынша, 38 мыңнан астам адам қаза тапты, 108 мыңнан астам адам зардап шекті, мыңдаған үйлер қирады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны