08.06.2022, 15:27 11926

Шетелге заңсыз әкетілген қаражатты қайтару бойынша ВАК құрамына кімдер кірді

Тоқаев жарлығының мәтіні жарияланды.
НҰР-СҰЛТАН. 8 МАУСЫМ - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Экономикалық ресурстардың заңсыз шоғырлануына қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы" Жарлығының мәтіні жарияланды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Мемлекет басшысы өз Жарлығымен елден заңсыз жолмен шығарылған қаржы қаражатын Қазақстан Республикасына қайтару, сондай-ақ заңсыз жолмен алынған экономикалық ресурстардың монополиялық (олигополиялық) шоғырлануын анықтау, оларды мемлекетке қайтару мақсатында ведомствоаралық комиссия мынадай құрамда құруға қаулы етті:
 
  • Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры, төраға Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары, төраға орынбасары;
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі;
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрі;
  • "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы;
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы;
  • Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы;
  • Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы;
  • Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасы;
  • Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі;
  • Қазақстан Республикасының Әділет министрі.
 
Ведомствоаралық комиссия бір апта мерзімде Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына Ведомствоаралық комиссия туралы ереже жобасын енгізсін.
 
Ведомствоаралық комиссия атқарылған жұмыс туралы екі аптада бір рет баяндасын.
 
Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
 
Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы комиссия қызметіне жеке бақылауды жүзеге асыруға ниетті.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны