22.11.2022, 11:18 16531

Смайылов министрлер кабинеті жұмысының алдағы жылдарға арналған негізгі бағыттарын белгіледі

Смайылов министрлер кабинеті жұмысының алдағы жылдарға арналған негізгі бағыттарын белгіледі
Астана. 22 қараша. KAZAKHSTAN TODAY - ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов елімізде өткен Президент сайлауы аясында Үкімет жұмысының алдағы жылдарға белгіленген негізгі бағыттарын атап өтті, деп хабарлайды Үкіметінің баспасөз қызметі.
 

Үкіметтің алдағы жеті жылдағы негізгі міндеті - сайланған Мемлекет басшысының сайлауалды бағдарламасын сапалы іске асыру. Экономикада, әлеуметтік салада және өңірлік саясаттағы түбегейлі өзгерістер осы сайлауалды бағдарламаның негізі болып табылады", - деді Смайылов сейсенбі күні Үкімет отырысында.

 
Оның айтуынша, Үкіметтің жұмысы негізінен экономиканы демонополизациялауға, кәсіпкерлік қызметті ынталандыруға және азаматтардың табысын арттыруға, білім беру мен денсаулық сақтау жүйелерін жаңғыртуға және халықтың табысын арттыруға бағытталады.
 
ҚР Премьер-Министрі барлық мемлекеттік органдар мен ведомстволар басты мақсат үшін, яғни Әділетті Қазақстан құру жолында халықтың мүддесіне сай күш біріктіріп, жұмыла еңбек етуі тиіс екенін атап өтті.
 

Біз әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуге бағытталған барлық стратегиялық құжаттардың, бағдарламалар мен жобалардың нақты іске асуын қамтамасыз етуіміз керек", - деп нақтылады Премьер-Министр.

 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны