06.02.2025, 15:36 1716

Ақтауда балабақша бухгалтері 9 млн теңгеден астам қаржыны қолды қылған

Ақтау қаласының прокуратурасымен балабақшада бюджет қаражатын заңсыз иемденiп алу деректері анықталды.

Талдау барысында №39 "Хиуаз бөбекжай" балабақшасының есепшісі директорының атынан банк құжаттарына қол қойып, өзінің есеп-шоттарына мемлекет бюджетінен 9 млн теңгеден астам қаражатты заңсыз аударғаны анықталды, деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметінен.

Көрсетілген дерек бойынша сотпен есепшіге қатысты ҚК-тің 189-бабының 3-б. 1) т. үкім шығып, 3 жыл 6 айға мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны