04.03.2025, 15:49 2321

Абай облысында босанған әйел мен нәрестенің өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды

Абай облысының полиция департаменті Үржар ауданында босанған әйел мен нәрестенің өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеу бастағанын хабарлайды.

Абай облысы ПД Тергеу басқармасының бастығы полиция полковнигі Сұнғат Адильбеков.

Абай облысының полиция департаменті Үржар ауданының полиция бөлімі медицина қызметкерлерінің кәсіптік міндеттерін тиісінше орындамауы фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу бастағанын хабарлайды.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеудің толықтығы мен жан-жақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде, қажетті сот-медициналық сараптамалар тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша заңды процессуалдық шешім қабылданады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны