12.03.2025, 15:55 2156

Астанада қайта жабдықталған автокөлік салонынан "Sim-Box" мобильді аппараттық кешені тәркіленді

Астанада қайта жабдықталған автокөлік салонынан "Sim-Box" мобильді аппараттық кешені тәркіленді
Астана қаласы прокуратурасының үйлестіруімен полиция Департаментінің киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру іс шаралалары шеңберінде Украина азаматының басқарауындағы "KIA" маркалы автокөлік анықталып, ұсталды (автокөлік айыппұл тұрағына қойылды), деп хабарлайды Астана қаласының прокуратурасының баспасөз қызметінен.

Автокөліктің ішкі салонын тексеру барысында 128 SIM-карта слоттары бар 2 дана "Sim-Box" мобильді аппараттық кешені анықталды, ол қайта жабдықталған автокөлік салонында орналастырылған. Сонымен қатар, әртүрлі ұялы телефон операторларына тиесілі 50 SIM-карта және Wi-Fi роутері алынды.

Осы факт бойынша абоненттiк құрылғының сәйкестендiру кодын өзгертуге арналған бағдарламаларды пайдалану дерегімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды (ҚК-тің 213-бап).

Күдіктіге қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.Қазіргі уақытта барлық қажетті тергеу іс-шаралары жүргізілуде, оның интернет-алаяқтыққа қатыстылығы тексерілуде.

ЖІШ барысында тағы 2 "Sim-Box" құрылғысы алынды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны