16.02.2023, 12:15 41851

Смайылов егіс кезеңінде жанар-жағармайдың тұрақты жеткізілімін қамтамасыз етуді тапсырды

Жанар-жағармай жеткізу кезінде өнімсіз делдалдар қызметінің жолын кесу жөніндегі шаралар қаралды
Смайылов егіс кезеңінде жанар-жағармайдың тұрақты жеткізілімін қамтамасыз етуді тапсырды
Сурет: depositphotos
Астана. 16 ақпан. KAZAKHSTAN TODAY - ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте Қазақстанның ішкі нарығын жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету мәселелері талқыланды, деп хабарлайды ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі.
 
Атап айтқанда, егіс науқанының қарсаңында ішкі нарықты мұнай өнімдерімен толықтыру, делдалдық схемалардың алдын алу, сондай-ақ жалпы сауда-саттықтың ашықтығын арттыру шаралары қаралды.
 
Премьер-Министр өндірушілерің ішкі нарыққа жанар-жағармай материалдарын үздіксіз жеткізуін қамтамасыз ету, сондай-ақ кез келген жағдайға уақытылы жедел әрекет ету үшін қорлар мен сатылымдарға тұрақты режимде мониторинг жүргізу қажеттігіне назар аударды.
 
Естеріңізге сала кетейік, Павлодар мұнай-химия зауытында дизель отынының өндірісі уақытша тоқтатылды. Баспасөз қызметіде сутегі өндіру қондырғысы тоқтап тұрған кезде жиналған мұнай өнімдерінің құрамдауыштары наурыз айында тауар өнімі болып өңделетініне сендірді. Осылайша, ПМХЗ көктемдегі егіс дала жұмыстары басталғанда дизель отыны өндірісінің жоспарлы көлемін қамтамасыз ететін болады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны