25.04.2023, 08:37 62736

Қазақстанда мұнай-газ активтерін төмен бағамен сату анықталды

Ірі компания жеке меншікке сатылды
Қазақстанда мұнай-газ активтерін төмен бағамен сату анықталды
Сурет: pixabay.com
Астана. 25 ақпан. KAZAKHSTAN TODAY - ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссия отырысында мұнай-газ саласындағы маңызды инфрақұрылымдық объектілерді жеке меншікке берудің заңдылығы мәселелері талқыланды, деп хабарлайды ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі.

Жиында мұнай-газ саласында жұмыс істейтін ірі компанияның осыдан бірнеше жыл бұрын жеке меншікке сатылғаны айтылды. Комиссия тапсырмасымен жүргізілген тексеру активтің төмендетілген бағамен жекенің қолына өтіп кеткенін анықтады", - деп хабарлады Үкіметтің баспасөз қызметі.


Премьер-Министр құзырлы мемлекеттік органдарға осы мәселені Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы аясында пысықтауды тапсырды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны