11.03.2025, 10:03 22506

Мемлекеттік еңбек инспекторлары қызметкерлердің жалақысы бойынша 329 млн теңгеге берешекті анықтады

Мемлекеттік еңбек инспекторлары қызметкерлердің жалақысы бойынша 329 млн теңгеге берешекті анықтады
2025 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 19 кәсіпорны 1,2 мыңнан астам жұмыскерге 328,9 млн теңгеге жалақы бойынша берешек екенін анықтады. Сонымен бірге түрлі ұйымдарда жүргізілген тексерулер барысында еңбек құқығы бұзылуының 995 фактісі анықталды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметінен.

Жалақы бойынша берешегі және еңбек құқығының бұзылуы анықталған кәсіпорындардың басшыларына орындауға міндетті 579 ұйғарым берілді және 69,5 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.

Қабылданған шаралардың, оның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеудің нәтижесінде 900 жұмыскердің құқықтары қорғалды. Оларға 135,8 млн теңге төленді.

Бұдан басқа, еңбек заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету мәселелері ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ерекше бақылауында.

2025 жылғы 1 наурыздағы деректер бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары 896 тексеру жүргізді, оның барысында 995 бұзушылық анықталды, оның ішінде: еңбек саласында - 904; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша - 85; халықты жұмыспен қамту бойынша - 6.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде 6,3 мың жұмыскердің еңбек құқығы қорғалды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны