11.03.2025, 15:06 22421

Елімізде мүгедектігі бар адамдар үшін инфрақұрылымның болуы тексеріледі

Елімізде мүгедектігі бар адамдар үшін инфрақұрылымның болуы тексеріледі
2025 жылдың екі айында әлеуметтік инспекторлар халықтың әлеуметтік осал санаттарының құқықтарын қорғау мақсатында 87 тексеру жүргізді, оның 62-сі жоспардан тыс, 5-еуі профилактикалық бақылау шеңберінде, 20-сы прокуратураның талабы бойынша болды. Тексеру қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы 34 ұйғарым берілді, шамамен 11,4 млн теңгеге 44 айыппұл салынды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметінен.

Мемлекеттік бақылаумен: әкімдік - 1, жергілікті атқарушы органдардың бөлімдері мен басқармалары - 15, мемлекеттік мекеме - 1, ауруханалар, емханалар - 5, балабақшалар - 4, мектептер - 9, колледждер, лицейлер - 5, ДК - 10, дүкендер - 12, кафелер, мейрамханалар, қонақ үйлер - 8, сауда үйлері - 3, полиция пункті - 1, стомалогия - 3, автобус парктері, авто/теміржол вокзалдары, әуежайлар - 6, кітапхана - 1 және басқалар қамтылды.

Мәселен, Қостанай облысында мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық бірлестігінің өтініші негізінде мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділіктің болмауы фактісі бойынша жергілікті дүкенге жоспардан тыс тексеру жүргізілді. Тексеру қорытындысы бойынша субъект айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды, сондай-ақ анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама енгізілді.

Бұл ретте әлеуметтік инспекторлар барлық өңірлерде мүгедектігі бар адамдар үшін әлеуметтік инфрақұрылымды бейімдеудегі оң өзгерістер орын алып жатқанын айтуда. Мұны ерекше қажеттіліктері бар адамдар да растайды.

 "Соңғы уақытта Қарағанды қаласында, оның ішінде Әлихан Бөкейхан ауданында мүгедектігі бар адамдар үшін әлеуметтік инфрақұрылымды бейімдеуде алға жылжу байқалады. Қала біртіндеп мүгедектігі бар адамдар үшін қол жетімді бола бастады: инфрақұрылым жақсаруда, көптеген ғимараттар пандустармен және бейімделген кіреберістермен жабдықталған. Оған мысал ретінде Геннадий Головкин атындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенін айтуға болады, онда кіреберіс жабдықталған, лифт орнатылған, соның нәтижесінде мүгедектігі бар азаматтарға спортпен шұғылдануға көбірек орын бөлінді. Әрине, әлі де бірқатар жұмыстар жасау қажет, бірақ оң өзгерістер қазірдің өзінде байқалады әрі алдағы уақытта қол жетімді орта қалыпты жағдайға айналатынына сенемін", - деп атап өтті Қарағанды қаласының тұрғыны, екінші топ мүгедектігі бар азамат Сергей Харченко.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны