11.03.2025, 08:39 23176

Қазақстанның бес өңірінде автожолдарда қозғалыс шектеулері енгізілді

Қазақстанның бес өңірінде автожолдарда қозғалыс шектеулері енгізілді
2025 жылғы 11 наурыз сағат 08:00 жағдай бойынша 5 облыстағы 5 республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында көлік қозғалысына шектеу қойылды. , деп хабарлайды ҚазАвтоЖолдың баспасөз қызметінен.

📍Ақмола облысы:

- "Астана-Атбасар-Жақсы-Рузаевка-Сарыкөл-Қостанай-РФ шекарасы" автожолының 856-917 шақырым аралығы (Солтүстік Қазақстан облысы шекарасы-Жақсы ауылы).

📍Қарағанды облысы:

- "Астана-Караганда-Алматы" автожолының 1505-1610 шақырым аралығы (Атамекен ауылы-Ақсу-Аюлы ауылы).

📍Қостанай облысы:

- "Жезқазған-Арқалық-Петропавл" автожолының 252-340 шақырым аралығы (Ұлытау облысы шекарасы-Арқалық қаласы).

📍Солтүстік Қазақстан облысы:

- "Астана-Атбасар-Жақсы-Рузаевка-Сарыкөл-Қостанай-РФ шекарасы" автожолының 795-856 шақырым аралығы (Рузаевка ауылы-Ақмола облысы шекарасы).

📍Ұлытау облысы:

- "Жезқазған-Арқалық-Петропавл" автожолының 137-252 шақырым аралығы (Ұлытау ауылы-Қостанай облысы шекарасы).

Қазіргі таңда республикалық жолдарды күтіп-ұстауға 703 арнайы техника мен 1770 маман жұмылдырылды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны