17.12.2024, 10:36 5251
11 айда ТХКБ бойынша жүктерді тасымалдау көлемі 63 пайызға ұлғайды
Достарға айту
11 айда ТХКБ бойынша жүктерді тасымалдау көлемі 63 пайызға ұлғайды, деп хабарлайды Үкісеттің баспасөз қызметінен.
Транскаспий халықаралық көлік бағыты (ТХКБ) тұрақты өсуді жалғастырып келеді. Өткізу қабілеті жылына 6 млн тоннаға, оның ішінде 100 мың ЖФБ контейнерлік тасымалдарға дейін ұлғаюда. 2024 жылдың 11 айында жүк тасымалының көлемі 63%-ға өсіп, 4,1 млн тоннаға жетті, ал контейнерлік тасымалдар 2,6 есеге артып, 50,5 мың ЖФБ құрады.
Бұл көрсеткіштер бағыттың айтарлықтай өскенін дәлелдейді", деп көрсетілген хабарламада.
2024 жылы Транскаспий көлік дәлізінің үйлестіру орталығы іске қосылды. Ол инфрақұрылымды дамытуға және бағыттың функционалын кеңейтуге бағытталған. Жаңа платформа ТХКБ-ның бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін жұмыс істейтін болады. Бұл Еуропа мен Азия арасындағы жеткізу мерзімін 15 күнге дейін қысқартуға мүмкіндік береді. Жобаға Қазақстан, Әзербайжан, Грузия, Түркия, Қытай сияқты негізгі елдер мен компаниялар белсенді қатысуда. Бұл ТХКБ-ның жаһандық сауда үшін маңыздылығын айқындайды.
Өткізу қабілетін арттыруға және қызмет көрсету сапасын жақсартуға бағытталған инфрақұрылымды жаңғыртуға ерекше көңіл бөлінуде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
17.12.2024, 20:35 3686
Жергілікті бюджеттердің өз кірістері 108%-ға орындалып, 7,2 трлн теңгені құрады
Достарға айту
Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов Үкімет отырысында 2024 жылдың 11 айындағы қаржы жылының қорытындысын ұсынды. Мемлекеттік бюджеттің кірісі 19 трлн теңге болды, бұл жоспардың 90%-ын құрайды. Республикалық қазынаға 11,8 трлн теңге немесе жоспарланған қаржының 82%-ы түсті, деп хабарлады Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Вице-министрдің айтуынша, негізгі орындалмау жоспардың 76%-ын құрайтын салық түсімдерінің төмендеуіне байланысты.
Жоспарды орындамаудың негізгі себептері өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10 ай ішінде үшінші елдерден импорт көлемінің 6,5%-ға немесе $2,3 млрд-қа азаюына; негізгі экспорттық металдар бағасының төмендеуіне байланысты, бұл өз кезегінде 602 ірі салық төлеушілер бойынша аванстық төлемдер сомасының 267 млрд теңгеге төмендеуіне әсер етті. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда қосылған құн салығын қайтару 2,5 есе ұлғайып, 981 млрд теңгені құрады. Соған қарамастан салықтар бойынша атқарылмау салықтық емес төлемдердің 1 трлн теңгеге ұлғаюы есебінен өтелді", - деп атап өтті Ержан Біржанов.
Жергілікті бюджеттерге келетін болсақ, олардың өз кірістері 108%-ға орындалды және 7,2 трлн теңгені құрады. Жоспар 525 млрд теңгеге асыра орындалды. Өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда кірістер 26,5%-ға өсті немесе 1,5 трлн теңгеге көп түсті.
Бюджет шығыстары бойынша: мемлекеттік бюджет жоспарланғаннан 94%-ға, республикалық - 96%-ға, жергілікті - 92%-ға орындалды. Республикалық бюджет бойынша сомасы 20,8 трлн теңгеге шығыстар жүргізілді, мұнда әлеуметтік бағыттың басымдығы сақталып қалды.
Мемлекет негізгі әлеуметтік міндеттемелерге:
зейнетақы мен жәрдемақыға - 5,2 трлн теңге ;
өңірлерге субвенцияларға - 4,8 трлн теңге;
міндетті медициналық сақтандыру қорына - 1,6 трлн теңге жұмсады.
Жергілікті бюджеттердің шығыстары 13 трлн теңгені құрады. Шығыстардың негізгі үлесі:
әлеуметтік салаға - 6,6 трлн теңге (51%);
тұрғын үй-коммуналдық шаруашылыққа - 1,9 трлн теңге (14,6%);
көлік және коммуникацияға - 1,2 трлн теңге (9,3%);
ауыл шаруашылығына - 750 млрд теңге (5,7%) бағытталған.
Бюджетті атқарудың маңызды компоненттерінің бірі - мемлекеттік сатып алу процесі болып саналады. Оның көлемі 8,8 трлн теңгені құрады. Өткен есепті кезеңде мемлекеттік сатып алудан үнемдеу есебінен бюджет қаражатын оңтайландыру 840 млрд теңгені құрады.
Бұдан басқа, 6,9 трлн теңге бюджет қаражатына 1 460 аудиторлық іс-шара өткізілді. Шамамен 271 млрд теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталып, оның ішінде 221 млрд теңге сомасында қаржылық бұзушылықтар күшін жойды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
13.12.2024, 20:33 28611
S&P Қазақстан банк секторындағы тәуекелдердің азаюын атап өтті
Достарға айту
2024 жылғы 12 желтоқсанда S&P Global Ratings халықаралық рейтингтік агенттігі Қазақстан Республикасының BICRA (Банк секторының салалық және елдік тәуекелдерін бағалау) рейтингіндегі позициясының 8-топтан 7-топқа жақсарғанын мәлімдеді. Бұл көрсеткіш елдің банк саласындағы тәуекелдердің төмендеуін көрсетеді, сондай-ақ реттеушінің қаржы секторын қадағалауды күшейту жөніндегі күш-жігерін айғақтайды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің баспасөз қызметінен.
S&P есебіне сәйкес, Қазақстан банк секторының макроэкономикалық сын-тегеуріндер мен геосаяси тәуекелдерге орнықтылығын көрсетті. Агенттік қазақстандық банктердің активтерінің сапасы мен қаржылық көрсеткіштері күткеннен асып түскенін атап өтеді.
Рейтингті қайта қараудағы маңызды фактор Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің (бұдан әрі - ҚНРДА) қадағалау қызметін нығайту болды. Негізгі жетістіктердің қатарында активтердің сапасын тұрақты бағалау (AQR), SREP қадағалау моделіне көшу, банктердегі тәуекелдерді шектеу және тұтынушылық кредиттеудің өсу қарқынын бақылау шаралары атап өтілді.
S&P ҚНРДА қабылдаған шаралар банк жүйесіндегі дағдарыстарды болдырмауға және нарықтық өзгерістер аясында тұрақты операциялық қызметті қамтамасыз етуге мүмкіндік бергенін атап өтті. S&P пікірінше, бұл шаралар елдің қаржылық орнықтылығын жақсартуға ықпал етті, осы ретте жүйедегі проблемалық кредиттер деңгейі 2020 жылғы 18%-дан 2024 жылы 7-7,5%-ға дейін төмендеді.
BICRA рейтингін жақсарту 7 қаржы мекемесінің рейтингін көтеруге мүмкіндік берді.
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қадағалау тетіктерін нығайту және елдің қаржы секторының тұрақты өсуі үшін жағдайларды жақсарту бойынша белсенді жұмысты жалғастырады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
13.12.2024, 19:29 29141
Энергетика министрі Қытайдан келген серіктестермен атом энергетикасындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады
Достарға айту
2024 жылғы 10-13 желтоқсан аралығында Қазақстан Республикасының Энергетика министрі А.Сәтқалиев бастаған қазақстандық делегация Қытай Халық Республикасында жұмыс сапарымен болды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің баспасөз қызметінен.
Бейжіңде Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Мемлекеттік энергетика басқармасының басшысы Х.Ванмен және ҚХР Атом энергиясы агенттігі төрағасының орынбасары Ц.Люмен кездесті.
Тараптар атом энергетикасы, мұнай-газ, электр энергетикасы және жаңартылатын энергия көздері саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Бұл ретте Қытай тарапы Қазақстанға АЭС құрылысы жобасын жүзеге асыруда қолдау көрсетуге жоғары деңгейде дайын екенін білдірді.
Сондай-ақ А.Сәтқалиев қысқа тізімге енгізілген ядролық технологияның әлеуетті жеткізушісі Қытай Ұлттық ядролық корпорациясының (CNNC) бас директоры Ю.Шэнмен келіссөздер жүргізді.
Делегация сонымен қатар НПР-1000 реакторы бар салынып жатқан Чжанчжоу атом электр станциясын, "Shanghai Electric" атомдық энергия корпорациясының өндірістік базалары мен Қытайдың орталығындағы уранды қайта өңдеу және байыту зауытын аралады.
Уран конверсиялау және байыту зауытына бару Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтің Жолдауына сәйкес уранды конверсиялауды және байытуды қоса алғанда, құнды кластерлерді құру қажеттігі бойынша Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі жүргізіп жатқан жұмыстардың жалғасы ретінде болды.
Еске салсақ, 2024 жылдың 6 қазанында республикалық референдум өтіп, онда азаматтардың көпшілігі атом электр станциясын салу идеясын қолдаған болатын. Бұл шешім еліміздің энергетикалық қауіпсіздігі мен тұрақты дамуын қамтамасыз ету жолындағы маңызды қадам болып табылады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
12.12.2024, 17:28 35961
Қазақстан мен Иордания арасындағы экономикалық ынтымақтастық артады
Достарға айту
Амман қаласында Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары - ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров пен Иордания Хашимит Корольдігінің Өнеркәсіп, сауда және жабдықтау министрі Яруб Әл-Кудтың бірлескен төрағалығымен Сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі қазақстан-иордания үкіметаралық комиссиясының 5-ші отырысы өтті, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Екі елдің делегация өкілдері сауда және инвестиция, ауыл шаруашылығы, энергетика, көлік, туризм, денсаулық сақтау, мәдениет және білім беру салаларындағы ынтымақтастықты, сондай-ақ цифрландыру саласындағы тәжірибе алмасу мәселелерін талқылады.
2023 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның Иорданиямен тауар айналымы 4,2 есеге өсіп, $6 млн-ды құрады. Сонымен бірге бірлескен комиссияның төрағалары тауар айналымын одан әрі өсіру үшін қолда бар әлеуетті атап өтті.
Экспорттық тауар тізілімін кеңейту мақсатында Қазақстан бидай мен ауыл шаруашылығы өнімдерінің басқа да түрлерін қосқанда, 15 тауар позициясы бойынша Иордания нарығына шикізаттық емес тауарларды жеткізуді арттыруға дайын.
Бұл ретте Қазақстан Иорданиялық компаниялардың еліміздің аумағында ет, астық, бұршақ және басқа да өнімдер өндіретін кәсіпорындарды құруға қатысуға мүдделі.
Иордания тарапы қазақстандық астықты баламалы көлік жолдары, оның ішінде Каспий теңізі арқылы импорттауға жоғары қызығушылық танытты. Қазақстан өз тарапынан тауарларды Иордания нарығына және MENA мемлекеттері (Таяу Шығыс және Солтүстік Африка елдері) нарықтарына экспорттау үшін Акаба портының әлеуетін пайдалануға мүдделі.
Туризмді дамытуға және экономикалық байланыстарды нығайтуға ықпал ететін Иордания әуе компанияларының Қазақстанға тікелей рейстерді ашу үшін "ашық аспан" режимін қолдану мәселесін талқылау маңызды қадам болды.
Тараптар уранды қосқанда, геологиялық барлау және пайдалы қазбаларды өндіру саласындағы бірлескен жобаларды іске асыру перспективаларын атап өтті. Иорданияның мемлекеттік уран компаниясымен (JUMCO) "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық атом компаниясының Корольдіктің уран жобаларына қатысуы туралы уағдаластықтарға қол жеткізілді.
Қатысушылар екі елдің іскер топтарының, оның ішінде екіжақты сауда-экономикалық миссияларды ұйымдастыру арқылы тікелей өзара әрекеттесуінің қажеттігін атап өтті. Осы мақсаттарда қазақстан-иордания Іскерлік кеңесінің жұмысы жанданатын болады, оның отырысын келесі жылы Астанада өткізу ұсынылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
11.12.2024, 11:54 46401
IT саласындағы орташа айлық жалақы 673 мың теңгені құрайды
Достарға айту
2024 жылы IT-мамандардың орташа айлық жалақысы 54%-ға өсіп, 673 мың теңгеге жетті, бұл білікті кадрларға және бәсекеге қабілетті еңбек жағдайларына жоғары сұранысты көрсетеді. IT-саладағы жұмыспен қамту 12%-ға артып, 187 мың адамға жетті, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру мақсатында жеке IT-мектептерді ынталандыру арқылы 2025 жылға қарай 20 мың IT-маман даярлауға бағытталған Tech Orda бағдарламасы іске қосылды. Жеке IT-мектептер ақпараттық технологиялар саласында 16 мыңнан астам сарапшы дайындады. Бұл бағыттағы жұмыс еңбек нарығын білікті кадрлармен қамтамасыз ету шеңберінде жүргізілуде. Айтпақшы, басқа салалардан IT саласына ауыса алған Tech Orda бағдарламасының түлектерінің сәтті мысалы да аз емес.
Бүгінде БҰҰ бағалауы бойынша Қазақстан цифрландыру саласында ілгері жетістіктерді көрсетіп отыр. Біздің еліміз 193 мемлекет арасында 24-ші орында, сондай-ақ онлайн-қызметтер индексі бойынша 10 көшбасшының қатарына кіреді. Мысалы, интернет арқылы мемлекеттік қызметтерге қол жеткізу 92%-ға жетті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
11.12.2024, 11:50 46661
Халықаралық Fitch Ratings агенттігі Алматы қаласының инвестициялық тартымдылығын растады
Достарға айту
2024 жылы 6 желтоқсанда Fitch халықаралық рейтинг агенттігі Алматы қаласының кредиттік рейтингін "BBB" деңгейінде растады, болжамы "Тұрақты". Бұл ретте, Алматы қаласының тәуелсіз кредиттік рейтингі "BBB+" деңгейінде расталды, деп хабарлайды Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Алматы қаласының жоғары тәуелсіз кредиттік рейтингі экономиканың динамикалық дамуы, жергілікті бюджеттің едәуір өсуі және бюджеттің төмен қарыз жүктемесімен негізделген, бұл "AAA" санатына сәйкес келеді.
2024 жылдың 10 айында қаланың қысқамерзімді экономикалық көрсеткіші 5,2%-ға дейін жеделдеді. Өсу бизнестің және инвестициялық белсенділіктің артуымен қатар жүрді. Негізгі капиталға салынған инвестиция 8,2%-ға өсіп, 1,3 триллион теңгеге жетті. 2024 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша жергілікті бюджеттің кірісі 21,2%-ға артып, 1 753 миллиард теңге болды.
BBB+" деңгейіндегі тәуелсіз кредиттік рейтинг Алматы қаласының әкімдігіне ірі инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру және дамыту үшін жасыл облигациялар шығаруға мүмкіндік береді.
Fitch рейтингінің жарияланымын мына сілтеме арқылы оқи аласыз: https://www.fitchratings.com/research/international-public-finance/fitch-affirms-city-of-almaty-at-bbb-outlook-stable-06-12-2024.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
09.12.2024, 12:36 62366
Қазақстанда ішкі туристер саны алты млн адамға жетті
Шетелден келетін туристер легі 11,5 млн адамды құрады
Достарға айту
Қазақстанда ішкі туристер саны алты млн адамға жетті, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
2024 жыл Қазақстан туризмі үшін айтулы жыл болды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша елімізде туризм саласын жаңғыртуға, оның бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және жаһандық экономикаға кірігуге бағытталған жүйелі шаралар кешені жүзеге асырылуда. Мемлекеттік қолдаудың, инвестиция тарту мен халықаралық аренада ілгерілетудің арқасында еліміз экономикалық өсу мен мәдениетаралық өзара іс-қимылдың маңызды қозғаушы күшіне айналып отырған туризм саласындағы оң нәтижелер көрсетіп отыр.
Еліміздің туризм саласы тұрақты түрде дамып келеді. 2024 жылдың 9 айында ішкі туристер саны 562 мыңға артып, 6 млн адамға жетті. Шетелден келетін туристер легі 11,5 млн адамды құрады, бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткішпен салыстырғанда екі есеге жуық көп. Оның ішінде шетелдік 969 мың турист орналастыру орындарына жайғасты. Бұл көрсеткіштер қабылданып жатқан шаралардың тиімділігі мен туристік бағыт ретінде Қазақстанға қызығушылықтың артып келе жатқанын айғақтайды.
Саланың экономикалық көрсеткіштері де айтарлықтай өсім көрсетіп отыр. Орналастыру нысандарының жалпы кірісі 27%-ға өсіп, 224 млрд теңгені құрады. Орналастыру нысандарының саны 306 бірлікке өсіп, 4 315-ке жетті, ал олардың сыйымдылығы 18 мың төсек-орынға дейін артып, 226 мыңды құрады. Бұл Қазақстанның ішкі және халықаралық туристерді қабылдауға дайындығын едәуір арттыруға мүмкіндік береді.
Туризмге салынған инвестиция көлемі қарқынды өсіп келеді. 2024 жылдың 10 айында олардың көлемі 33,6%-ға артып, 668,1 млрд теңгені құрады. Негізгі жобалар қатарында алдын ала құны 194 млрд теңгені құрайтын Астана туристік ауданы бар, ол 2 мыңға жуық жұмыс орнын ашып, толық іске қосылғанда жыл сайын 10 млрд теңге салық аударымдарын түсіреді. Жобаның аяқталуы 2026 жылға жоспарланған.
Екінші жоба - Маңғыстау облысындағы Каспий Ривьерасы, онда ҚР Премьер-министрінің қатысуымен туризм бойынша халықаралық ауқымды форум өтті. Жоба жағажай демалыс орны, гольф қонақ үйі, виллалар кешені, аквапарк және ойын-сауық орталығы сияқты бірнеше бастама аясында "Жылы жағажай" аумағын кешенді игеруді қамтиды. Жобаның жалпы бағалау құны 137,4 млрд теңгені құрайды, ал жоспарланған іске асыру мерзімі - 2024-2026 жылдар.
Елімізде туризм саласын мемлекеттік қолдау күшейтілді. Биыл мемлекеттік қолдауға мақұлданған өтінімдер көлемі 3 есеге артты. Тек 2024 жылдың өзінде 37 туристік нысан мен 6 туристер тасымалдайтын автобусқа 2,1 млрд теңге мақұлданды.
Халықаралық ынтымақтастыққа ерекше көңіл бөлінеді. 2024 жылды Қытайдағы Қазақстандық туризм жылы деп жариялау Қазақстанды ілгерілету үшін маңызды қадам болды. Қытайдың ірі қалаларында 30-дан астам іс-шара өтті.
18 қарашада Қазақстан "цифрлы" көшпенділерге арналған Neo Nomad Visa енгізді, бұл елімізді қашықтан жұмыс істейтін саяхатшылардың жаңа буыны үшін тартымды етеді. Прогресс халықаралық рейтингіде де көрініс тапты: Қазақстан 2019 жылғы 80-ші орыннан позициясын жақсартып, 119 елдің ішінде 52-ші орынға көтерілді.
5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының Астанада өтуі халықаралық аренада маңызды оқиғаға айналды. Ойындарға 89 елден 2 700 қатысушы жиналды. "Астана - Арена" және "Қазанат" ипподромы сияқты спорт нысандарын қайта жаңарту қаланың инфрақұрылымын жақсартты.
Сондай-ақ Қазақстан ауылдық туризмді дамытқаны үшін марапаттарға ие болды: Саты ауылы Best Tourism Village Award жүлдесін алды, ал Катонқарағай ауданының жобасы ITB Berlin 2024 көрмесінде үшінші орын иеленді.
2024 жылдың соңына дейін жалпы құны 120,4 млрд теңгені құрайтын 119 инвестициялық жобаны аяқтау жоспарланып отыр, бұл 1 319 жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Негізгі бастамалар қатарына Түркістандағы "Medina Palace" қонақ үйінің құрылысы мен жаңа қонақ үй нысандарын қосу арқылы "Ақсу - Жабағылы" шипажайын жаңғырту кіреді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
09.12.2024, 12:07 62051
Қазақстан банктеріндегі салымдар 40 трлн теңгеге жетіп жығылды
Достарға айту
Қазақстан банктеріндегі салымдар қараша айына қарай рекордтық 39,3 трлн теңгеге жетіп, бір жылда 18,7%-ға ұлғайды. Оның ішінде халықтың салымдары 21%-ға, 22,7 трлн теңгеге дейін, ал бизнес салымдары 15,7%-ға, 16,6 трлн теңгеге дейін өсті, деп хабарлайды ranking.kz.
Жылдық динамика бойынша депозит ұстаушы банктердің үздік ондығына енетін 8 қаржы институты үздік көрсеткіш көрсетті, жалпы бұл секторда 16 ЕДБ бар.
Еліміздегі үздік банктер арасында жылдық өсім бойынша Bereke Bank көш бастап тұр: бірден 55%-ға, 1,4 трлн теңгеге дейін өсім көрсетіп отыр. Оның ішінде қаржы институтындағы жеке тұлғалардың салымдары бір жылда 61,7%-ға, ал заңды тұлғалардың салымдары 50,4%-ға артты. Айта кетерлігі, ірі ЕДБ арасында банк екі санатта да жылдық өсім бойынша алға шықты.
Тағы бір айта кетерлігі, банк қашан да әр клиентке қолайлы жағдай жасап, ерекше көзқарас танытуға тырысады: мысалға, 29 қарашада реттеуші тарапынан базалық мөлшерлеме ұлғайтылғаннан кейін, Bereke Bank жедел түрде желтоқсан айынан бастап өзінің "Копилка" депозиті бойынша СЖТМ-ны 16,2%-ға дейін көтерді. Бұл - күн сайын капиталдандырылатын, қаражатты кез келген уақытта толтыруға және шешіп алуға болатын икемді депозит. Шешіп алу және толықтыру тұрғысынан белгілі бір шектеулері бар жинақ салымдары бойынша банктегі мөлшерлемелер одан да жоғары - 18,2%-ға тең. Бұл нарықтағы ең жоғары мөлшерлемелер болып табылады.
Ірі ЕДБ арасында салымдардың жылдық өсімі бойынша екінші орынға ForteBank орналасты: 31,3%-ға, 2,9 трлн теңгеге дейін өсім көрсетті. Бір жыл ішінде банктегі жеке тұлғалардың салымдары 19,9%-ға, ал заңды тұлғалардың салымдары 38,1%-ға көбейді.
Көшбасшылар үштігін Банк ЦентрКредит түйіндеді: салым 29,6%-ға, 4,7 трлн теңгеге дейін өсті. Бір жылда банктегі халықтың депозиті 28,1%-ға, бизнес салымдары 31,3%-ға артты.
Қазақстандағы Kaspi Bank (бір жылда 25%-ға артты), Bank RBK (20,7%-ға артты), Halyk Bank (17,8%-ға артты), Jusan Bank (7,6%-ға артты), Отбасы банкі (2,5%-ға артты) сияқты жетекші қаржы институттары да оң көрсеткіш көрсетті.
Атап айтарлығы, ҚР ЕДБ салымдарының жиынтық портфелі бойынша халық депозиті 57,7%-ды, ал бизнес салымдары 42,3%-ды құрап отыр.
Салыстырып қарасақ, бір жыл бұрын бұл пайыздық арақатынас 56,6%-ға және 43,4%-ға тең болса, ал 2018-2022 жылдары тепе-тең деңгейде болды.
2018 жылға дейін халықтың салымдары ҚР ЕДБ-дағы депозиттердің жартысынан азын құрады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
17.12.2024, 14:49Ең ірі "Атырау-Астрахань" жол жобасының құрылысы аяқталды 17.12.2024, 14:52 19796Президент Бектеновке әлеуметтік маңызы бар өнімдердің бағасын бақылауды тапсырды17.12.2024, 15:07 19301275,7 мың адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тен төлем алды17.12.2024, 15:18 19076Қазақстан жылыстатуға қарсы саланың тәуелсіз рейтингінде өз позициясын едәуір жақсартып, 110 елді артта қалдырды17.12.2024, 15:20 187862023 жылғы қарашада "Қазақстан БЭЖ Батыс аймағының электр желісін күшейту" жобасы сәтті іске асырылды
12.12.2024, 17:30 108301Үкімет Ұлытау облысында жаңа мектеп салуға қайтарылған активтерден 1,2 млрд теңгеден астам қаражат бөлді12.12.2024, 17:23 108221Мемлекет басшысы "Талдықорған" индустриялық аймағына барды13.12.2024, 19:00 99531Шығыс Қазақстан облысында қатерлі ісікті ерте анықтайтын эндоскопиялық диагностика орталығы ашылды13.12.2024, 18:50 99366Қазақстан-Қытай шекарасындағы өткізу пункттері уақытша жабылады13.12.2024, 14:41 99296Қазақстан мен Марокко қылмыскерлерді экстрадициялау туралы келісім жасады
22.11.2024, 14:04 137921Қазақстан тұрақты туризм саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуда22.11.2024, 14:08 137696Қазақстанда астықты терең өңдеу бойынша 4 жоба жүзеге асырылуда22.11.2024, 14:00 112261Еліміздегі республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында "KAZ" және "KZ" жаңа индекстері бекітілді12.12.2024, 17:30 108301Үкімет Ұлытау облысында жаңа мектеп салуға қайтарылған активтерден 1,2 млрд теңгеден астам қаражат бөлді12.12.2024, 17:23 108221Мемлекет басшысы "Талдықорған" индустриялық аймағына барды