01.08.2022, 15:59 9751

Қазақстанда шілде айында инфляция 15% құрады

2022 жылғы шілдеде азық-түлік тауарларының бағасы өткен жылғы шілдемен салыстырғанда 19,7%-ға өсті.
НҰР-СҰЛТАН. 1 ТАМЫЗ - Қазақстанда 2022 жылғы шілдеде инфляция жылдық есептеуде – 15%, бір айда 1,1% құрады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

2022 жылғы шілдеде азық-түлік тауарларының бағасы өткен жылғы шілдемен салыстырғанда 19,7%-ға өсті, азық-түлікке жатпайтын тауарларға 14,2%-ға, ақылы қызметтерге 9,2%-ға көтерілді", - деп хабарлады Ұлттық статистика бюросында.

 
Азық-түлік нарығында бағаның айтарлықтай өсуі жылдық мәнде құмшекерге – 87,3%, басты пиязға – 71,7%, ұнға 36,6% өсті. Сәбіз бағасы – 29,6%, қызылша 25,2% төмендеді.
 
Бюроның деректері бойынша, 2022 жылғы шілдеде (2021 жылғы шілдеге) азық-түлікке жатпайтын тауарлардың баға өсімі 14,2% құрады. Баға деңгейі жеке қолданылатын тауарларға – 26,3%, жуу және тазалау заттарына – 23,5%, тұрмыс құралдарына – 22,6%, құрылыс материалдарына – 20,5%, жиһаз және үйге қажетті заттарға – 19,1%, автомобильдерге– 15,2%, ыдысқа – 14,8%, тоқыма бұйымдарына – 11,5%, фармацевтикалық өнімдерге 9,7% өсті.
 
Бұдан басқа, бір жылда (былтырғы және биылғы шілдеге) ақылы қызметтер бағасы 9,2% өсті. Баға деңгейі кешенді демалу ұйымдарына – 19,1%, қоғамдық тамақтандыру қызметтеріне – 16,8%, денсаулық сақтау қызметтеріне – 15%, санаторий қызметтеріне – 14,1%, шаштараздар мен жеке қызмет көрсету орындары қызметтеріне – 13%, қонақ үй қызметтеріне 5,9% өсті. Жолаушылар көлігі қызметтері 5,5% қымбаттады.
 
Бюроның баға статистикасы департаментінің директоры Қуанышбек Жақыпбекұлының айтуынша, тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында тарифтер қымбаттаумен қоса төмендеген. 
 

Былтырғы шілдемен салыстырғанда өткен шілдеде электр қуаты – 2,4%, қоқыс шығару, тарату желілері арқылы тасымалданатын газ тарифі 1,8% жоғарылады, ал орталықтан жылу беру қызметіне тариф 2,3%-ға, ыстық суға 1,3%-ға, суды бұру үшін 0,5%-ға төмендеген", – деп қосып өтті Қуанышбек Жақыпбекұлы.

 
2022 жылғы қаңтардан бастап, тұтыну бағаларының индексін есептегенде азық–түлік тауарларының үлесі – 40,7%, азық-түлікке жатпайтын тауарлар – 30,2%, ақылы қызметтер – 29,1% құрады.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны