19.04.2023, 18:09 34231

Қазақстан релокация бойынша 43 компаниямен келіссөздер жүргізуде

Релокациялау шеңберінде 24 компания Қазақстанға көшті
Қазақстан релокация бойынша 43 компаниямен келіссөздер жүргізуде
Сурет: Depositphotos
Астана. 19 ақпан. KAZAKHSTAN TODAY - Релокациялау шеңберінде 24 компания Қазақстанға көшті, тағы 43 компания бойынша жұмыс жалғасуда, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметі.

Индустрия саласында биыл 1 трлн теңгеге 170 жоба іске қосылады. Осының есебінен 15 мыңға жуық жаңа жұмыс орнын ашу жоспарлануда", - деп атап өтті Премьер-Министр Әлихан Смайылов Мемлекет басшысының төрағалығымен өткен елдің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңесте.


Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында Қазақстан экономикасының өсуі 4,9% құрады. Смайылов бүгінгі таңда ұлттық экономика қолайсыз сыртқы жағдайларға бейімделіп, тұрақты өсу жолына түскенін атап өтті.

2022 жылдың желтоқсан айының соңында Үкімет жыл бойы Қазақстанға бірқатар ірі шетелдік компанияларды релокациялау бойынша қарқынды жұмыс жүргізгені хабарланды. Олардың 62-сі нақты нәтижелерге қол жеткізді: 21-і релокацияланды, 13-і пысықталуда, тағы 28-і белсенді келіссөздер процесінде.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны