07.12.2021, 19:25 33172

Келімбетов мобильді аударымдарды ынталандыруға шақырды

ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы Қайрат Келімбетов мобильді аударымдар бойынша туындаған мәселеге пікір білдірді.
Келімбетов мобильді аударымдарды ынталандыруға шақырды
НҰР-СҰЛТАН. 7 ЖЕЛТОҚСАН - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы Қайрат Келімбетов мобильді аударымдар бойынша туындаған мәселеге пікір білдірді.
 

Қазір Қазақстанда мобильді аударымдар жөнінде қызық жағдай болып жатыр. Сіз Ұлттық банктің бұрынғы төрағасы ретінде жаңа технологиялық инфрақұрылымның қалыптасқанын көрдіңіз. Енді электрондық әмияндарды бақылауды күшейтуге қалай қарайсыз?", - деп сұрады "Хабар" телеарнасындағы "Ұлттық мүдде" бағдарламасының жүргізушісі Ерлан Бекхожин спикерден.

 

Мұнда екі сәтті атап өту қажет. Бір жағынан, біз мобильді аударымдарды ынталандыруымыз керек. Өздеріңіз білесіздер, жаңа экожүйе пайда болды, соның арқасында күнделікті өмірде коммуналдық шығындарды төлеп, кинотеатрлар мен дүкендерде төлем жасайтын Қазақстан азаматтары ғана емес, кәсіпкерлер де мұны бизнесін жүргізуге қолдана бастады. Менің ойымша, мұнда қолма-қол төлемге негізделген экономикадан онлайн төлемге көшкен төңкеріс болып жатқанын айту керек. Екінші деңгейлі банктер цифрландыру жарысын бастады. Бұл процесті тоқтатуға болмайды, бұл - ел үшін өте маңызды әрі қажетті процесс", - деді Қайрат Келімбетов бағдарлама эфирінде.

 
Агенттік төрағасының айтуынша, салық салу мәселесі туындаған жағдайда қаржы реттеушімен, Ұлттық банкпен және тікелей осы нарықтың қатысушыларымен экожүйені дамытуға зиян келтірмей келісу қажет.
 

Менің жеке көзқарасым – қазіргі кезеңде экожүйенің дамуын ынталандыру қажет шығар. Содан кейін жалпымемлекеттік цифрлық экожүйенің бір бөлігіне айналатын, қандай да бір салық салу мәселесі көтерілетін және бұл азаматтарымыз бен кәсіпкерлерімізді мазаламайтын кезең сөзсіз, табиғи жолмен өзі келеді", - деді Қ. Келімбетов.



 
Ақпарат көзі: inform.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны