09.06.2022, 16:02 14811
Қазақстан ағаш материалдарын әкетуге тыйым салуды ұзартты
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
Аталған тыйым салу отандық ағаш өңдеу өнеркәсібін дамыту және ағаш өнімдерін заңсыз әкетуге жол бермеу мақсатында енгізілді, деп хабарлады ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті.
Аталған бұйрық алты ай қолданыста болады және ЕАЭО СЭҚ ТН 4406910000 "Сіңірілген теміржол немесе трамвай жолдарына арналған қылқан жапырақты тұқымдардан жасалған ағаш шпалдар" кодын қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағынан ағаш материалдарының жекелеген түрлерін (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 4401, 4403, 4404, 4406 және 4407) әкетуге тыйым салады.
Осыған дейін қолданыста болған "Ағаш материалдарының жекелеген түрлерін әкетуді реттеудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2021 жылғы 23 қарашадағы № 611 бұйрығымен ел аумағынан ағаш материалдарының жекелеген түрлерін әкетуге тыйым салу 2021 жылғы 7 желтоқсаннан бастап 2022 жылғы 7 маусымды қоса алғанда қолданылған болатын.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
22.11.2024, 12:10 15191
Қазақстанның мемлекеттік қарыз деңгейі "төмен" болып қала береді
Достарға айту
Қазақстанның мемлекеттік қарыз деңгейі "төмен" болып қала береді. Премьер-Министрдің орынбасары - Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров Сенат Парламентінің клуарында мемлекеттік қарыз көлемі туралы журналистердің сұрағына жауап берді.
Вице-премьер өз сөзінде Халықаралық валюта қоры, Дүниежүзілік банк және халықаралық рейтинг агенттіктері жыл сайын Қазақстанның экономика даму деңгейі мен қаржылық тұрақтылық деңгейін бағалайтынын айтты.
Халықаралық кредиттік рейтингтерде болған соңғы өзгерістер еліміздің фискалдық, қаржылық тұрақтылығын айғақтайды. Бізде Ұлттық қор түріндегі қомақты валюталық резервтер және алтын-валюта резервтері бар. Олардың көлемі қазірдің өзінде 100 млрд доллардан асты және бұл инвестицияны белсенді тартуға мүмкіндік беретін қаржылық қауіпсіздік жастығы болып табылады. Біз Мемлекеттік қаржыны басқару тұжырымдамасын қабылдадық. Онда мемлекеттік қарыз, тұтастай алғанда, елдің жалпы ішкі өнімінің 32%-нан аспауы керектігі жөнінде шектеулер жазылған. Қазір бұл көрсеткіш шамамен 23%-дықұрап отыр, яғни бұл мемлекеттік қарыздың көлемі бойынша жеткілікті қауіпсіз әрі қолайлы деңгейдеекенімізді білдіреді".
Сондай-ақ Нұрлан Байбазаров бұл қарызды инвестиция ретінде қарастыру керектігін, осы инвестицияларды тарту арқылы жалпы экономиканы дамытуға мүмкіндік беретін активтерді жасайтындығымызды атап өтті.
Біз жол саламыз, инфрақұрылымға инвестиция саламыз, жаңа өндірісті іске қосамыз. Бұл еліміздің экономикалық өсуін қамтамасыз ету үшін, болашақта экономикалық дамудың берік негізін қалыптастырады"
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
21.11.2024, 12:22 25136
Қазақстан мен Мажарстан инвестиция көлемі 5 540 млн астам бірлескен жобаларды іске асыруда
Достарға айту
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақ-мажар инвестициялық дөңгелек үстеліне қатысты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Мемлекет басшысы, ең алдымен, екі ел арасындағы экономикалық қарым-қатынас қарқынды дамып келе жатқанын атап өтіп, Будапештке алғашқы мемлекеттік сапары қазақ-мажар стратегиялық серіктестігінің жаңа кезеңіне жол ашатынын жеткізді.
Биыл Қазақстан мен Мажарстанның Стратегиялық серіктестік туралы декларацияға қол қойғанына 10 жыл толды. Осы уақыт аралығында біз өзара сенім мен ортақ мақсаттарға негізделген тығыз ынтымақтастықтың іргесін қаладық. Мажарстанның Қазақстанға құйған инвестициясы 370 миллион долларға жетті. Елімізде мажарлардың 70-тен астам компаниясы табысты жұмыс істеп жатыр. Олардың қатарында MOL Group және Gedeon Richter секілді компаниялар бар. Қазіргі таңда машина жасау, ауыл шаруашылығы және логистика салаларында жалпы инвестиция көлемі 540 миллион доллардан асатын бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселесі пысықталып жатыр", - деді Президент.
Мемлекет басшысы Қазақстан жаңа саяси және экономикалық парадигмаға бет бұрғанын айтты. Білім мен инновацияны ту еткен өзгерістер бұл үдерістің басты қағидатына айналады.
Президент Мажарстан бизнесмендеріне энергетика, сирек кездесетін материалдарды өндіру, көлік және логистика, ауыл шаруашылығы, фармацевтика, цифрландыру, қаржы нарығы секілді маңызды салаларда инвестициялық ынтымақтастықты нығайтудың келешегі зор екенін мәлімдеді.
Қасым-Жомарт Тоқаев сөзін қорытындылай келе, мажар компанияларының басшыларын келесі жылы мамыр айында өтетін Астана халықаралық форумына қатысуға шақырды.
Инвестициялық дөңгелек үстел барысында Мажарстанның Қаржы министрі, Қазақ-мажар экономикалық ынтымақтастығы жөніндегі үкіметаралық комиссияның тең төрағасы Михай Варга мен ірі компаниялардың жетекшілері сөз сөйледі.
Жиын қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы, көлік инфрақұрылымын цифрландыру, білім салаларына және бірлескен инвестициялық жобаларды қолдауға қатысты 7 коммерциялық құжатқа қол қойылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
20.11.2024, 14:27 30721
Алматыда орташа айлық жалақы 15,5% - ға өсті
Достарға айту
Жылдық инфляция тамыздағы 8,6% - дан қыркүйектегі 8,3% - ға дейін баяулады. Бұл азық-түлік тауарлары бағасының 7,7% - ға дейін және азық-түлік емес тауарлар бағасының 5,6% - ға дейін өсуінің төмендеуіне байланысты. 2024 жылдың соңына дейін жылдық инфляция 7,5-8% - ға дейін, 2025 жылы-6,5 - 7,5% - ға дейін төмендейді деп күтілуде", - деп хабарлады Алматының экономика басқармасы.
2024 жылдың бірінші жартыжылдығында атаулы ақшалай кірістер орта есеппен 22% - ға 292 мың теңгеге дейін өсті (ҚР-9,2% - ға 201,1 мың теңгеге дейін). Шын мәнісінде өсім 11,6% -ды құрады (ҚР-0,3% - ға).
Орташа айлық жалақы 468 мың теңге болды (республика бойынша - 392,6 мың теңге). Номиналды мәнде жалақы 15,5% - ға, нақты мәнде 5,7% - ға өсті.
2024 жылдың 9 айында 50,5 мың жұмыс орны құрылды, оның 77,9% - ы тұрақты.
Сондай-ақ Алматыда жоғары инвестициялық белсенділік сақталуда. Осы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша негізгі капиталға 8,1% өсіммен 1,1 трлн теңгеден астам инвестиция тартылды. Жеке инвестициялардың өсуі 8% -ды құрады және 1 трлн теңгеге дейін ұлғайды. Жалпы, 2024 жылы негізгі капиталға инвестициялар көлемі 2 трлн теңгеге дейін, 2025 жылы - 2,35 трлн теңгеге дейін ұлғаяды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
19.11.2024, 15:47 37231
Ұлттық компаниялар валюталық кірістің 50% Ұлттық Банкке сататын болады
Достарға айту
Ұлттық компаниялар валюталық кірістің 50% Ұлттық Банкке сататын болады, деп хабарлайды ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметінен.
Соңғы уақытта ішкі және сыртқы факторлардың жиынтығы теңгенің әлсіреуіне алып келді.
Сыртқы сектордағы жағдай әлі де күрделі болып отыр. Бұл жоғары құбылмалылық пен жаһандық экономикалық тәуекелдердің сақталуымен байланысты. АҚШ доллары дамыған және дамушы нарықтардың валюталарына қатысты нығаюын жалғастырды. DXY индексі қыркүйек айынан бері 5,5%-ға артып, 106,2 тармаққа дейін жетті. ЕМ валюталарының индексі қыркүйек айының соңынан 4,1%-ға төмендеді.
Мұнай нарығында да пессимистік көңіл-күй байқалып отыр. Бұл әлемдік сұраныстың баяу қалпына келуі мен ОПЕК+ тарапынан ұсыныстың өсуі күтілуіне байланысты. Соның нәтижесінде мұнай бағасы барреліне 71-72 АҚШ доллары деңгейіне дейін төмендеді.
Ішкі валюта нарығында экономикалық агенттер тарапынан шетел валютасына сұраныстың артуы және валюта нарығында, оның ішінде квазимемлекеттік сектор тарапынан ұсыныстың шектелуі байқалады.
Шетел валютасына сұраныстың өсуі жалпы экономикалық белсенділіктің, оның ішінде сыртқы экономикалық белсенділіктің артуына байланысты. Сондай-ақ, оған бюджет шығыстарының артуы мен квазимемлекеттік компаниялардың инфрақұрылымдық және инвестициялық жобаларға шығындарының ұлғаюы сеп болып отыр. Осы фактордың барлығы жиынтығында импорттың өсуіне, сәйкесінше, шетел валютасына сұраныстың артуына ықпал етеді.
Валюта нарығындағы сұраныс пен ұсыныс теңгерімінің бұзылуы инвестициялық ахуалға кері әсерін тигізіп, инвестициялық жобалардың қымбаттауына және жалпы инфляциялық қысымның артуына алып келеді. Осыған байланысты валюта нарығындағы теңгерімділікті арттыру мақсатында квазимемлекеттік сектор субъектілерінің валюталық түсімдерінің 50%-ын міндетті түрде сату талабы қайта енгізіледі. Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті қаулысы мен Ұлттық Банктің бұйрығы әзірленіп, жақын күндері қабылданады.
Бұған дейін бұл талап 2023 жылдың тамызына дейін қолданыста болған, алайда макроэкономикалық жағдайдың өзгеруіне байланысты уақытша тоқтатылған еді. Сонымен бірге, бұл талап шоктарды бәсеңдету үшін жедел қолдануға болатын тиімді құрал болып табылады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
19.11.2024, 15:18 37501
Қазақстан көлік желісін ірі жаңғыртуды іске қосады
Достарға айту
Қазақстан алдағы жылдары тасымалдау көлемінің айтарлықтай ұлғаюын күтуде. Болжам бойынша, экспорттық теміржол тасымалының көлемі 130 млн тоннаға дейін, автомобиль транзиті - 6 есе артады. Президенттің инфрақұрылымды жаңғырту және көліктік-логистикалық әлеуетті дамыту жөніндегі тапсырмаларын іске асыру туралы Үкімет отырысында көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаров баяндады.
Еліміздің аумағы арқылы 13 халықаралық көлік дәлізі өтеді, оның 5 теміржол және 8 автомобиль дәліздері. Инфрақұрылымдағы "кедергілерді" жою бойынша шаралар қабылдануда. Оның ішінде жеткізудің жаңа бағыттары пысықталып, жүктердің жедел өтуі үшін цифрлық шешімдер енгізіліп жатыр. ТХКБ бағыты бойынша, сондай-ақ "Солтүстік-Оңтүстік" көлік дәлізі бойынша тасымалдаудың оң динамикасы байқалады. 2030 жылға қарай оның өткізу мүмкіндігі 20 млн тоннаға дейін артады деп күтілуде.
2027 жылға дейін 1,3 мың км жаңа теміржол салу жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта "Достық" стансасының өткізу мүмкіндігін жылына 35 млн тоннаға дейін арттыруға, Алматы стансасы арқылы жүк өткізу уақытын қысқартуға, Сарыағаш стансасын босатуға және Қытай бағытына қосымша 20 млн тоннаға дейін жүк өткізу қуатын қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Тасымалдардың үздіксіздігін және магистральдық теміржолдардың қуатын арттыру үшін Мемлекет басшысының тапсырмасы шеңберінде 2029 жылға дейін 11 мың шақырым теміржол учаскелеріне жөндеу жұмыстары жүргізілмек, оның 2,8 мың шақырымында тиісті жұмыстар аяқталды. Бұдан бөлек, Құрық теңіз порты арқылы жүк тасымалын арттыру бойынша шаралар қабылдаудамыз. Құрық портында астық терминалын іске қосу жоспарланған. Сонымен қатар, Abu Dhabi Ports компаниясымен бірлесіп, "Саржа" көпфункционалды теңіз терминалының құрылысын жүзеге асыру қолға алынды. Нәтижесінде, Қазақстан порттарының өткізу мүмкіндігі жылына 30 млн тоннаға дейін артатын болады", - деп мәлімдеді вице-министр.
2027 жылға дейін 12 мың шақырым жолды салу және реконструкциялау жоспарлануда, оның 7 мың шақырымы 2024 жылы аяқталады, оның ішінде төрт негізгі автодәліз қайта жаңартылады.
Сондай-ақ өткізу пунктері жаңғыртылатын болады. 2029 жылға дейін 36 өткізу пунктін кезең-кезеңімен жаңғырту жоспарланған, 2025 жылы алты пунктте жөндеу жұмыстары басталады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
18.11.2024, 12:58 43286
Қазатомөнеркәсіп Буденовское кен орнының "Солтүстік" учаскесінде уранды барлау құқығын алды
Достарға айту
Қазатомөнеркәсіп" ұлттық атом компаниясы" АҚ Түркістан облысының Созақ ауданындағы Шу-Сарысу уран провинциясында орналасқан Буденовское кен орнының "Солтүстік" учаскесінде уранды барлау үшін жер қойнауын пайдалану құқығын 5 жылға ұзарту мүмкіндігімен 6 жыл мерзімге алғаны туралы хабарлайды. Осы учаскеге жер қойнауын пайдалану құқығы тек Қазатомөнеркәсіпке тиесілі.
Солтүстік" учаскесі уранның ірі кен шоғырының болуына байланысты айтарлықтай әлеуетке ие. Оның қолайлы геологиялық жағдайлары және жұмыс істеп тұрған кен орындарына жақындығы табысты және ұзақ уақыт игеру үшін бірегей мүмкіндіктер туғызады. Бұл жоба Қазақстанның уран өндіру саласын дамытудағы маңызды кезең болатынына және біздің компанияның ұзақ мерзімді құндылығын құруға елеулі үлес қосатынына сенімдіміз", - деп атап өтті Қазатомөнеркәсіптің Басқарма төрағасы Мейіржан Юсупов.
Алдын ала бағалаулар бойынша Р1 және Р2 санаттары бойынша учаскедегі уран ресурстары 100 мың тоннадан асады, бұл одан әрі геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу үшін берік негіз жасайды. Болашақта ресурстарды нақтылау және оларды жоғары санаттарға (С1 және С2) ауыстыру жоспарлануда. Бұл учаскенің әлеуетін барынша тиімді пайдалануға және Компанияның ұзақ мерзімді стратегиялық жоспарларын іске асыруға мүмкіндік береді.
Уранға әлемдік сұраныстың артуы жағдайында бұл жоба жаһандық энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және Қазақстанның атом энергетикасының әлемдік нарығындағы ұстанымын нығайтуға қосылған маңызды үлес болады. Қазатомөнеркәсіп уранның минералдық-шикізат базасын толықтыру және ұлғайту мақсатында жаңа перспективалы учаскелерді іздеу және игеру жөніндегі жұмысты жалғастыра бермек, бұл компанияның одан әрі өсуіне және ел экономикасының тұрақты дамуына ықпал ететін болады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
15.11.2024, 15:34 59386
Samruk-Kazyna Ondeu күкірт қышқылы қалдықтарынан тротуар плиткасын шығару өндірісін іске қосты
Достарға айту
Samruk-Kazyna Ondeu күкірт қышқылы қалдықтарынан тротуар плиткасын шығару өндірісін іске қосты, деп хабарлайды мекеменің баспасөз қызметінен.
Бұл инновация өндірістік қалдықтар көлемін азайтып қана қоймай, жол салуға арналған сапасы жоғары материалдарды жасауға мүмкіндік береді.
Күкірт қышқылын өндіруден кейін қалатын күкірт қалдықтарын кәдеге жарату жобасы Жану проблемалары институты мамандарының қолдауымен Степногорск күкірт-қышқыл зауытының ("SSAP" ЖШС) базасында іске қосылды.
Күкірт қалдықтарын пайдалана отырып шығарылатын күкірт-бетон өндірісі цемент пен суды қажет етпейді. Осылайша, аталған технология климаты қатал Қазақстанның жол құрылысы үшін таптырмас шешім болмақ.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
15.11.2024, 15:31 59571
2024 жылдың 10 айында Қазақстанның теңіз порттары арқылы 6,2 млн тонна жүк тасымалданды
Достарға айту
2024 жылдың 10 айында Қазақстанның теңіз порттары арқылы 6,2 млн тонна жүк тасымалданды. Бұл туралы ҚР Көлік министрлігінің теміржол және су көлігі комитеті хабарлады.
Өткен жылмен салыстырғанда теңіз көлігі арқылы тасымалдау көлемі 3 % - ға, оның ішінде транзиттік жүктерді тасымалдау 18 % - ға өсті. Құрық паром кешені арқылы жүк автокөлік құралдарын өңдеуде 22 %-ға өсу байқалады. Ақтау порты арқылы өткен 27 мыңға жуық контейнерді қоса алғанда "Шығыс-Батыс" транзиттік қатынасындағы контейнер тасымалының көлемі 84 % - ға ұлғайған.
Сондай-ақ, биыл Құрық портының "Саржа" терминалы аталған кезеңде Түркия мен Иран бағытында шамамен 55 мың тоннаға жуық жүк (түсті металдар, аммофос, арпа) өңдеді. Сонымен қатар, Құрық портының "Ерсай" теңіз терминалынан 2024 жылы Қазақстан арқылы Әзірбайжаннан Өзбекстанға транзитпен 153 габаритті емес жүк тасымалданды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
22.11.2024, 11:48ҚР Премьер-министрі Украинадағы жағдайға байланысты президенттің тапсырмаларын орындау бойынша кеңес өткізді 22.11.2024, 11:55 73491Атырау облысында жұмысшы жастар слеті өтті22.11.2024, 12:03 73136Алматыда экологиялық талаптарды бұзғаны үшін ірі құрылыс нысаны айыппұл салынды22.11.2024, 13:44 70596Лицензиясыз қызмет жүргізгені үшін 60-қа жуық мектепке айыппұл салынды22.11.2024, 13:49 70366Дмитрий Мун Қазақстанның цифрлық даму вице-министрі болып тағайындалды
08.11.2024, 13:42 114836Елімізде тағы бір республикалық маңызы бар жол ауқымды жөндеу жұмыстарымен қамтылады01.11.2024, 16:38 113081Бектенов: Бизнеспен сындарлы диалог - инвестициялық саясаттың басым бағыттарының бірі01.11.2024, 16:30 107271Астанада Орнықты даму мақсаттарының іске асырылуы талқыланды07.11.2024, 17:05 100776Алматыда кезекті нысан сот шешімі бойынша бұзылды07.11.2024, 17:00 100311Шымкентте құны 70 млн теңге болатын учаске мемлекетке қайтарылды