27.08.2022, 10:17 11661

Қазақстанда мал әкетуге тыйым салынады

Бұйрық 6 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстанда мал әкетуге тыйым салынады
НҰР-СҰЛТАН. 27 ТАМЫЗ - Қазақстанда малды мемлекеттен тыс жерлерге әкетуге тыйым салуды енгізу жоспарлануда, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкіне сілтеме жасап.
 

Қазақстан Республикасының аумағынан тірі ірі қара малды (Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметі бірыңғай тауарлық номенклатурасының коды 0102), тірі қойлар мен ешкілерді (Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметі бірыңғай тауарлық номенклатурасының коды 0104) әкетуге алты ай мерзімге тыйым салынсын", - делінген ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мен ҚР Қаржы министрінің бірлескен бұйрығында.

 
Бұйрық 6 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны